Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 2,2025, с. 128-141
ЖАЛЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ КЕЗІНДЕ КӨПАРНАЛЫ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ ӨЛШЕУ ЗОНДЫН ПАЙДАЛАНУ
Аннотация · Abstract
Жалыннан шығатын сәуледегі ақпараттарды қолдану жану процесінің күйін бағалаудағы негізгі әдістің бірі болып табылады. Тәжірибеде мұндай зерттеуді қарапайым әдіспен, яғни минимал диагностикалық сигналдарды пайдаланып жүргізу маңызды. Жалынның атап айтқанда турбулентті шаң жалынының құрылымы біртекті емес болғандықтан, оттықтың жұмысшы нүктесінің өзгерісіне жалынның қай бөлігі сезімтал келеді деген сұрақ туындайды. Мақалада жалынның анықтауға болатын бірнеше ғана геометриялық параметрлері қарастырылған. Олардың жану процесінің аномалды, яғни тұрақсыз жану күйін анықтауға жарамдылығы бағаланды. Процесті бағалауға қажетті көптеген айнымалыларды интерпретациялау күрделі болғандықтан олардың пайдасы болмады. Айнымалылар санын қысқару мақсатында, сондай-ақ, ұсынылған көрсеткіштердің жану стехиометриясының өзгерісіне сезімтал екенін анықтауда негізгі компоненттерді талдау қолданылды. Жұмыста кескіндерді өңдейтін бейне жолақтың жалынның жыпылықтау жиілігіндегі ақпаратты қолданып, белгілі бір деңгейде жану процесін диагностикалайтыны көрсетілді. Жоғарыда айтылған көрсеткіштердің мәндері зерттелетін жалын мен камераның өзара орналасуына тәуелді. Осы себептен камераны екі түрлі орынға орналастырып сыналды. Жалын пішінін талдау мен жалынның пульсация жиілігін талдаумен біріктіру жақсы нәтиже беретін сияқты. Мақаланың ғылыми жаңалығы – шығарылатын қалдықтар деңгейін азайтатын жану технологияларын енгізу арқылы жанама әсерлерді барынша азайту мақсатында жану процесінің диагностикасын қолдану қажеттігіне негізделеді. Сонымен қатар, диагностикалық сигнал ретінде Фурье дескрипторы түрінде өрнектелген жану пішінін қолдану мүмкіндігі де зерттелді. Кілтті сөздер: жалын, жану, диагностика, сигнал, цифрлық камера, басқару
Сведения · Details
- DOI 10.48081/kton6739
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0