Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 444-457

САН ЕСІМДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР: КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ

Ж. Нұрсұлтанқызы, Г. Ж. Снасапова, А. Ө. Байдаулетова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қазақ тіліндегі киелі сандардың фразеологиялық тіркестердегі мағынасы мен қолданылуы зерттелген. Қазақ халқының дүниетанымында, салт-дәстүрлерінде және наным-сенімдерінде сандар ерекше орын алады. Мақалада «бір», «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандарының фразеологиялық тіркестерде қолданылуы және олардың символикалық мәні талданады. Әсіресе, киелі сандардың этнографиялық, мәдени және діни аспектілері кеңінен қарастырылған. Зерттеуде әр санның тілдік, мәдени және философиялық мәндері айқындалып, олардың әртүрлі фразеологизмдердегі көріністері талданады. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қалыптасуына тарихи, әлеуметтік және мәдени жағдайлар әсер еткенін көрсететін бұл зерттеу сан есімдердің ұлттық мәдениет пен дүниетаныммен байланысты терең мағыналарын ашады. Сонымен қатар, мақаланың нәтижелері қазақ тіл білімінде сан есімдер мен фразеологизмдер саласында жаңа зерттеу бағыттарын ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестер ерекше орын алады. Фразеологизмдер лексикалық, этимологиялық, морфологиялық, синтаксистік, стилистикалық және когнитивтік тұрғыдан зерттелуде. Алайда бұл салада әлі де көптеген зерттеу жұмыстарын қажет ететін мәселелер бар, соның ішінде сан есімдердің тұрақты тіркестер құрамындағы мағыналық, стилистикалық және грамматикалық ерекшеліктерін анықтау. Тақырыбымыздың өзектілігі де осы зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүргізудің қажеттілігін көрсетеді. Сан есімді тұрақты тіркестердің құрылымы мен мағынасын анықтап, оларды этимологиялық тұрғыдан талдау арқылы қазақ тіліндегі фразеологиялық жүйені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: тұрақты тіркес, киелі сандар, этимология, дүниетаным, болмыс, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық-мәдени ерекшелік.

Сведения · Details