Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 80-92

ҚАЗАҚ ГИДРОНИМДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ МАГИЯ МЕН АНИМИСТІК НАНЫМДАР

А. К. Дауткулова, М. С. Атабаева, Ж. К. Отарбекова, Г. Ақтай

Аннотация · Abstract

Мақалада анимистік, магиялық және шамандық нанымдар бойынша қазақ халқының санасындағы киелі, қасиетті деген ұғым-түсініктер сумен де астасып жатқаны әулие, баба, ата, бала, Алла, шайтан сөздерімен тіркескен гидронимдер негізінде қарастырылды. Статистикалық талдау барысында әулие, баба, ата, бала, Алла ұғымдарымен байланысты киелілік, магиялық сипаты бар 98 өзен атауы анықталды. Шайтан сөзі өзен атауларында кездеспейді, көлмен, құдықпен, бұлақпен байланысты ғана айтылатыны белгілі болды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әулиелік культімен байланысты гидронимдердің Қазақстанның әр түкпірінде бірдей кездесуі ислам дінінің бір орталықтан тарап, бір рухани қайнардан бастау алғанын көрсетеді. Мұндай «әулие» киелі таңбалаушы термині бар гидронимдердің семантикасында мифологиялық, киелі уәж бар, имплицитті түрде ол нақты және о дүниенің ара-жігін бөлетін шегараны көрсетеді. Баба, ата, бала тірек сөздерімен келген гидронимдер отбасы құндылықтарын танытса, шайтанмен байланысты атаулардың көптеп қойылу себебі нысанның алыстығымен, жолы қиын, қауіптілігімен және ол жерді қору, табиғатын сақтап қалу үшін қорқыту, үркіту мақсатында қойылғаны анықталды. Аталған су нысандарының барлығы дерлік халықтың тіршілік ортасы мен ментальды болмысын танытады. Кілтті сөздер: гидроним, сакральдылық, магиялық, лингвокогнитивтік, ментальдылық, табу, тәңіршілдік.

Сведения · Details