Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2022, № 2.2022, с. 86-97
ӘУЕ ЭЛЕКТРБЕРІЛІС ЖЕЛІЛЕРІН БІР ФАЗАЛЫ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУДАН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ҮШІН АНЫҚ ЕМЕС ЛОГИКАНЫ ҚОЛДАНУ
Аннотация · Abstract
Электр жүйесі – электр энергиясын өндіру, түрлендіру, беру және тұтыну процесі жүзеге асырылатын электр энергетикасы жүйесінің шартты түрде бөлінген бөлігі. Бұл – электр жүйесінің барлық элементтері (генераторлар, трансформаторлар, электр желілері, электр машиналары және т.б.) қатысатын күрделі біртұтас процесс. Қорғаныс және автоматика құрылғылары белгілі бір функцияларды орындауы керек. Қорғау үшін мұндай функциялар мыналар болып табылады: қорғалатын элемент зақымданған кезде оның іске қосылуы және осы элементтен тыс қысқа тұйықталу кезінде (сыртқы қысқа тұйықталулар), сондай-ақ қалыпты режимдерде іске қосылмауы. Осыған орай электр жүйелерінде орын алатын технологиялық ақаулар мен зақымдалулардың пайда болу себептеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Электрлік жүйе элементтерінің қорғаныс және автоматика құрылғыларына тән бірқатар кемшіліктер анықталды. Қазіргі қолданыстағы микропроцессорлық қорғаныс және автоматика жүйесіне қатысты байқалған мәселелердің сенімділіктің төмендеуіне әкелетіні расталды. Ұсынылып отырған жұмыста қорғанысты құру мүмкіндігі критикалық мәндерге жету бойынша емес, қорғалатын объектінің күйін сипаттайтын шамалардың өзгеру динамикасы бойынша қарастырылады. Біздің жағдайда жүйенің күйін, оның ішінде қалыпты емес жұмыс режимінің түрін анықтау үшін анық емес логика (Fuzzy Logic) элементтерін пайдалану ұсынылады. Әр түрлі салаларда анық емес логика мен нейрондық желілерді қолдану мысалдарын зерттеу негізінде, бір фазалы қысқа тұйықталуды анықтау үшін электр желілерін қорғау және автоматтандыру құрылғыларында анық емес логика элементтерін қолдану мүмкіндігі мен тиімділігі дәлелденген.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/kltx7071
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0