Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 3, 2025, с. 173-187

FBG АРҚЫЛЫ ҒАРЫШ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКПЕН БАҚЫЛАУ

С. Ж. Көшкінбаев, А. К. Сейтханова, Ж. Жаңатайұлы, М. Ж. Кошкинбаева, Н. Ж. Дуйсенов

Аннотация · Abstract

Ғарыш инфрақұрылымын ұзақ мерзімді сенімді пайдалану үшін оны жоғары дәлдікпен және тұрақты бақылау қажет. Орбиталық ортадағы температура өзгерістері, радиация, механикалық діріл мен құрылымдық кернеулер ғарыш құрылымдарына айтарлықтай әсер етеді. Мұндай күрделі жағдайда сенсорлық жүйелердің сенімділігі шешуші рөл атқарады. FBG сенсорлары дәлдігі жоғары, электромагниттік әсерлерге төзімді, ықшам әрі бірнеше физикалық параметрді бір уақытта өлшей алатын сенсорлар болып табылады. Олар температураны, деформацияны, дірілді және қысымды нақты әрі үзіліссіз бақылауға мүмкіндік береді. Жеңіл әрі талшықты құрылымы олардың ғарыш аппараттарына оңай интеграциялануын қамтамасыз етеді. Бұл шолу мақалада FBG сенсорларының ғарыш инфрақұрылымында қолданылу артықшылықтары, сенімділігі, радиациялық төзімділігі және практикалық қолдану мысалдары қарастырылады. FBG технологиясы болашақта ғарыш құрылымдарының күйін дәл бағалау мен олардың қызмет мерзімін ұзартуға зор үлес қоса алады. Сонымен қатар, бұл сенсорлар ғарыштық зымыран тасығыштар мен олардың отын багтарындағы діріл мен температуралық өзгерістерді өлшеу үшін де кеңінен қолданылуда. Бұл сенсорлар ғарыштық миссиялардың қауіпсіздігін, тиімділігін арттырып қана қоймай, жүйелердің техникалық қызмет көрсету интервалдарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, FBG сенсорлары заманауи ғарыштық инфрақұрылымда таптырмас құралдардың біріне айналуда. Кілтті сөздер: FBG сенсоры, Ғарыш инфрақұрылымы, Құрылымдық деформация, Жоғары дәлдікпен мониторинг, Оптикалық талшықты сенсорлар.

Сведения · Details