Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 449-457

АВТОМОБИЛЬДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ОНЫҢ ЖҰМЫСЖАСАУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ

А. Т. Төленов, Б. Ж. Шойбеков, Ғ. Ж. Бекболатов, Б. А. Омаров, Б. Қ. Қайролла

Аннотация · Abstract

Автокөліктердің жұмыс жасау қабілеттілігін қамтамасыз ететін шығындар көліктік логистиканың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл шығындардың уақыт өте келе өзгеруі, әсіресе автомобильдің жүріп өткен жолына байланысты экспоненциалды түрде артуы, көліктік қызметтер мен тасымалдау саласындағы маңызды мәселе болып табылады. Бұл мақалада автокөлікті көліктік логистикада пайдалану кезінде оның жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындардың өзгерісі зерттеледі. Жұмысжасау қабілетін қамтамасыз ететін шығындар автомобильдің жүріп өткен жолына, техникалық жағдайына, жұмыс істеу режиміне және басқа факторларға байланысты айтарлықтай өзгеріп отырады. Зерттеу барысында автомобильдің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шығындардың мөлшері мен динамикасы талданды. Тозу қисығының өзгеруі, атап айтқанда, жөндеу жұмыстарында автомобильдің түрлі түйіндестерінің тозу деңгейі, мысалы, қозғалтқыш, дөңгелектер, рульдік басқару және тежеу жүйелері жөнінде ақпарат берілді. Зерттеу нәтижесінде, автомобильдің жұмысының қамтамасыз етілуіне байланысты шығындар жүрілген жолға пропорционалды түрде экспоненциалды өсетіні анықталды. Бұл мақалада сондай-ақ автомобильдің жұмысжасау қабілетіне әсер ететін факторлар мен олардың байланысын сипаттайтын математикалық модельдер ұсынылды. Алынған деректер автокөліктердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу шығындарын алдын ала болжауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: жұмысжасау қабілеті, жөндеу шығындары, тозу қисығы, жөндеу жұмыстары, жүрілген жол, техникалық жағдай.

Сведения · Details