Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 42-52

С. ӘБЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Нұргүл Болатовна Ағалиева, Ботагөз Шайкенқызы Құралқанова, Бақытжан Мәсәлімқызы Қадырова

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада қазіргі қазақ поэзиясының жас өкілі болып табылатын «Торғайлық ақын» Саят Әбеновтің шығармашылығы жан-жақты талданды. Зерттеушілер Саят Әбеновтің шығармашылығына көп қалам тарта қоймаса да, ақын өлеңдері халық арасына әлеуметтік желі арқылы кең таралды. Мақалада ақынның заман ағымын тиек еткен өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшелігі сөз етілді. Саят Әбенов шығармашылығы жастар тынысымен үндес тауып, өскелең ұрпаққа ғибрат беретіні көрсетілді. Саят Әбенов шығармашылығы қазақ поэзиясының діңгегі болып табылатын Бұқар жырау, Абай, Шәкәрімдердің және Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Міржақып Дулатов шығармашылығынан сусындап, қазіргі заманның өткір саяси-әлеуметтік мәселелерін сол сарында қозғайды. Ақынның лирикалық өлеңдеріндегі ұлттық-эстетикалық ерекшеліктер мен оның поэзиядағы көрінісі ашылған. Осы ретте, ақын өлеңдері жанр бойынша топтастырылды, әр жанрға тиесілі бірнеше өлең мысалға алынып, тереңірек талданды. Талдау өлең мазмұны мен стилистикасы тұрғысында жүргізілді. Жанр бойынша топтастыру – ақын өлеңдерінің сан алуандығын танытты. Соның негізінде, Саят Әбеновтің ақындық позициясы халық позициясының айнасы болып табылатыны айқындалды. "

Сведения · Details