Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2020, № 4,2020, с. 132-145
АВТОМОБИЛЬДІК ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІН РЕСУРС ҚАЖЕТТІЛІГІН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация · Abstract
Қазақстандағы көлік жүйелерінің қазіргі жағдайы мен оның дамуы көлікпен тасымалданатын жүктердің жалпы көлеміндегі автокөлік тасымалдары үлесінің айтарлықтай басым болуымен сипатталады. Карьерлік автомобиль көлігінің тиімділігі, көлік жұмысын жүзеге асыруға арналған шығындар және олардың қоршаған ортаға әсері көп жағдайда жылжымалы құрамын пайдаланудың нақты жағдайларында берілген функцияларды орындауға қаншалықты жетілдірілген, сонымен қатар жарамды болуымен айқындалады. Автокөлік туралы ғылымның негізін қалаушы академик Е. А. Чудаков автокөлік конструкциясы өз дамуында пайдалану талаптарына бағынуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтан конструкторларға әртүрлі жол және табиғи-климаттық жағдайларда автокөліктерді пайдалану кезінде конструкция талаптарының ерекшеліктерін білу қажет. Іштен жану қозғалтқыштарының ұзақ мерзімділігі моторесурстармен анықталады, ол пайдалану жағдайында қалыпты механикалық үйкелудің қозғалтқыш үрдісіне ұшырайтын неғұрлым жауапты бөлшектер мен тораптардың қызмет ету мерзімі бойынша орнатылады. Дизельді зауыттық жөндеу иінді білікті жөндеу қажеттілігінен туындайды. Цилиндр поршень тобын бөлшектеумен ағымдағы жөндеу поршень сақиналары мен цилиндр төлкелерінің тозуымен байланысты болады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/kggo4349
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0