Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 4,2023, с. 136-148

БАЛАЛАР СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ УӘЖДЕМЕЛІК РЕФЛЕКСИЯСЫ

А. Д. Жакупова, О. А. Жумагулова, И. С. Кайырбекова, Г. Т. Тлеубердина, Р. Мұратбекқызы

Аннотация · Abstract

Мақала 2022–2024 жылдарға арналған «Тұлғаның моно және билингвальді жағдайда қалыптасудағы баланың уәждемелі рефлексиясы» атты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырып жатқан жоба аясында жазылған. Зерттеу Қазақстанның моно-және қостілді қоғамында қалыптасатын мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың уәждемелік рефлексиясын салыстырмалы-уәждемелік зерттеу әдіснамасына арналған. Мақалада әлемдік лингвистика ғылымында балалардың тілдік және метатілдік санасының, отандық ғылымдағы уәждеме мәселелерінің зерттелу тарихы сипатталады. Уәждемелік рефлексия лингвокогнитивтік құбылыс ретіндегі салыстырмалы уәждеменің объектісі ретінде қарастырылады. Осы саланы зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектеріне, мақалаларына зерттеулеріне шолу жасалады. Жоба аясында жүргізілген бірінші психолингвистикалық экспериментте ұсынылған сөздерге берілген метасөйленімдері талданып, уәждемелік паспорттарында сипатталды. Психолингвистикалық және лингвистикалық эксперименттер жүргізу арқылы балалардың метатілдік санасына негізделген зерттеудің әдіснамалық аспектісі ұсынылған. Уәждемелік рефлексия адамның метатілдік ойлауының әмбебап қасиеті ретінде қарастырылады. Психолингвистикалық экспериментте моно және билингвалды топтардағы әр жастағы балалардың жас ерекшелігіне орай ұсынылған «Асқазан», «Көкек» сөздерінің уәждемелік паспорттарында уәждемелік-салыстырмалы талдау жасалып, уәждемелік рефлексияны зерттеу әдістемесі ұсынылған.

Сведения · Details