Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2024, № 1,2024, с. 227-240
Етті мал шаруашылығындағы «ақылды» технологиялардың экономикалық Тиімділігін бағалау
Аннотация · Abstract
Ғылыми мақаланың өзектілігінің негізделуі - ет өнеркәсібі Қазақстан экономикасы аграрлық секторының стратегиялық саласы болып табылатындығы, ол өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің ажырамас бөлігі болып саналады. Етті мал шаруашылығындағы «ақылды» мал шаруашылығы жүйелерінің экономикалық тиімділігін зерттеудің бағыттарын нақтылау және гипотезаларды тұжырымдау мақсатында осы тақырып бойынша қолда бар ғылыми және ғылыми-техникалық әдебиеттерге шолу жасалды. Тақырып бойынша әдебиеттерді қарқынды іздестіру нәтижесінде біз Қазақстан Республикасының өзекті деректеріне сүйене отырып, мал шаруашылығы субъектілері тұрғысынан цифрлық технологияларды қолдануға дайындығын қарастыратын дереккөздерді таппадық, бұл зерттеудің жаңалығын растайды. Ресми бухгалтерлік есеп деректеріне сүйене отырып, авторлар мақалада жаңа технологияларды енгізуге дейінгі және одан кейінгі дамудың қазіргі жағдайын зерттеуді ұсынады. «Ақылды» технологияларды енгізгенге дейін және одан кейінгі шығындардың динамикасы мен құрылымдық құрамына, бағасына, өзіндік құнына, рентабельділігіне, етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылықтары тұрғысынан салыстырмалы талдау жүргізілді. Еңбек өнімділігі, «ақылды» технологияларды енгізгенге дейінгі және одан кейінгі инвестициялардың қайтарымы бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді, сондай-ақ малдың орташа тәуліктік өсімі салыстырылды. Авторлар ауыл шаруашылығын дамытудағы «ақылды» технологиялардың маңыздылығын атап өтеді. Кілтті сөздер: «Ақылды» технологиялар, экономикалық тиімділік, еңбек өнімділігі, инвестициялар, рентабельділік, шығындар, баға.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jyoz7222
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0