Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 2,2025, с. 366-376
АТМОСФЕРАЛЫҚ СУДЫ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН КҮН ЭНЕРГИЯСЫНЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ
Аннотация · Abstract
Атмосфералық суды жинау (AСЖ) құрылғылары бүкіл әлемде су тапшылығы проблемасын жеңудің тиімді әдстерінің бірі. Атмосфералық суды жинау (AСЖ) құрылғылары су тапшылығымен күресуде маңызды рөл атқара алады. Олар ауадағы ылғалды суға айналдырып, оны тұтынуға жарамды етеді. Бұл технология әсіресе сусыз немесе су тапшылығы бар аймақтар үшін айрықша маңызды. АСЖ жүйелері негізінен конденсация принципіне негізделген, яғни олар ауадан су буын жинап, оны сұйық күйге келтіреді. Атмосфералық суды жинаудың бірнеше әдісі бар, соның ішінде ауа фильтрациясы мен конденсациялау арқылы су жинау әдістері кең таралған. Осы құрылғылардың арқасында тұрғындар ішуге жарамды таза ауыз су алуға қол жеткізе алады, бұл әсіресе дамушы елдер мен су тапшылығын сезініп отырған аймақтар үшін пайдалы болып табылады. АСЖ технологиясының тез дамуы әрі кеңе таралуы әр түрлі үй шаруашылығында, ауыл шаруашылығында АСЖ машиналарын енгізуге айтарлықтай ықпал етеді және өнеркәсіпте қолдана алады. Ауадан су өндіретін атмосфералық суды өндіру технологиялары әлі күнге дейін пайдаланылмаған және бұл мәселені шешудің жаңа балама нұсқасы болуы мүмкін. Дегенмен, бұл технологиялар энергияны көп қажет етеді, бұл олардың өндірісте кеңінен таралуын шектейді. Әртүрлі технологиялардың өнімділігі олардың маңызды өнімділік параметрлері, шектеулері мен жетістіктері тұрғысынан жинақталған және салыстырылған. Осы технологиялардың өсуін тежейтін кейбір өзекті мәселелердің технологиялық шешімдері де анықталып, талқыланады. Осылайша, атмосфералық суды өндіруді зерттеу және оны су тапшылығының мүмкін болатын шешіміне айналдыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Сондықтан, бұл мақала жаңалығы ретінде қол жетімді технологияларды, зерттеуге және техникалық түсінік беруге бағытталған. Кілтті сөздер: Атмосфера, суды жинау, фильтрация, технология, құрылығы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jxzc9924
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0