Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 2,2025, с. 273-288

САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ АРҚЫЛЫ ҚАТТЫ ОКСИДТІ ОТЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІНДЕГІ ТЕРМОМЕХАНИКАЛЫҚ КЕРНЕУЛЕР МЕН ДЕГРАДАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУ

С. Опахай, Ж. Ермекбай, М. М. Кубенова, Ж. С. Зейнулла, Б. Мәуей

Аннотация · Abstract

Осы жұмыста қатты оксидті отын элементінің (ҚООЭ) көпқабатты құрылымындағы термомеханикалық кернеулер, жылулық кеңею коэффициенттері (ЖКК), электрөткізгіштік және деградация механизмдері модельденді. Катодтық LSC материалы (2265 МПа) жоғары ЖКК (15.1×10⁻⁶ K⁻¹) және төмен Юнг модулі (150 GPa) нәтижесінде ең аз кернеуді көрсетті, бұл жарықшақтардың пайда болу қаупін төмендетеді. Электрөткізгіштікті талдау ең жоғары электрондық өткізгіштік LSC-ға (100 S/см) тән екенін растады, бұл оны тиімді катод материалы етеді, ал электролиттер (YSZ, GDC, CGO) төмен электрондық өткізгіштікке ие болғанымен, оттегі иондарының тасымалын қамтамасыз етеді. Ең жоғары иондық өткізгіштік CGO-да (0.2 S/см) және GDC-де (0.15 S/см) тіркелді, бұл оларды көпқабатты электролит құрылымында қолдануды негіздейді. Деградация механизмдерін зерттеу NiO/YSZ аноды механикалық (40 %), химиялық (30 %) және термиялық (30 %) бұзылуларға ұшырайтынын көрсетті. YSZ/GDC электролиті негізінен механикалық бұзылу (50 %) және оттегі вакансияларының жиналуы (25 %) салдарынан деградацияға ұшырады, бұл оның иондық өткізгіштігін төмендетті. CGO тосқауыл қабаты Sr-пен әрекеттесуі нәтижесінде химиялық деградацияға (50%) бейім болды, ал LSC катоды SrZrO₃ түзілуімен және электрондық өткізгіштіктің жоғалуымен байланысты жоғары химиялық деградацияны (60 %) көрсетті. ҚООЭ ұзақ мерзімді жұмысының төмендетілген температураларда (600–700°C) моделдеу нәтижелері құрылымның 600°C температурада 95–97 %, ал 700°C температурада 92–95 % тиімділікті сақтайтынын көрсетті. YSZ/GDC/CGO электролиті бар оңтайландырылған құрылым төмендетілген температураларда жақсартылған сипаттамаларды көрсетті, бұл ҚООЭ-нің орташа диапазонында (600–700°C) қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Газ құрамының әсерін талдау H₂/N₂ атмосферасы ҚООЭ-нің ең жоғары ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететінін көрсетті (5000 сағат жұмыс істегеннен кейін 93–96 %), ал CO₂-нің болуы катод пен тосқауыл қабатының деградациясын жылдамдатады (85–92 %). Кілтті сөздер: термомеханикалық кернеулер, жылулық кеңею коэффициенті (ЖКК), электрөткізгіштік, материалдардың деградациясы, ақырғы элементтер әдісі (FEA), молекулалық-динамикалық модельдеу (MD), көпқабатты құрылым.

Сведения · Details