Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 2.2023, с. 199-209
«АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» КУРСЫ БОЙЫНША КЕЙБІР СҰРАҚТАРДЫ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Аннотация · Abstract
Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен Интернеттің қарқынды дамуына байланысты, қауіпсіздік шараларының жетілдірілуіне қарамастан ақпараттарға төнген қауіп-қатерлердің мүмкіндігі күшеюде. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін жетілдіру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ал, ақпараттың қауіпсіздік мәселелерін шешудің бірден-бір жолы ол ақпаратты шифрлеу. Шифрлеу қоғамымыздың қызмет етуінде маңызды рөл атқарады. Мысалы, бүгінгі таңда миллиондаған адамдар күн сайын онлайн сатып алу процесіне, web-сайттар мен электронды пошта, WhatsApp хабар алмасу қосымшасына жүгінеді. Ондағы қолданылатын төлем картасы туралы ақпарат желіде кез-келген уақытта ұрлануы мүмкін. Сондықтан осы процестің іске асырылуын түсіну үшін шифрлеудің негізгі мәселелерін білу маңызды болып табылады. Мақалада шифрлеу жүйесінің негізгі жүзеге асырылу мәселесін түсіну үшін Цезарь әдісі мен Python программалау ортасында Fernet кітапханасының көмегімен мәтінді шифрлеу(дешифрлеу) мысалы қарастырылған. Мақаланың негізгі мақсаты- мәтінді шифрлеу мәселелері бойынша білім алушылардың базалық білімін қалыптастыру. Мақалада қарастырылған мысалдар болашақ информатика мұғалімдерінің шифрлеу мәселелері бойынша теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар алдағы уақытта машиналық оқытуда ақпараттық қауіпсіздіктің мүмкіндіктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jukb4198
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 2