Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 1.2022, с. 400-412

ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

А. К. Курманова, Ш. К. Курманбаева

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қатысымдық бағдарлы оқытуға қатысты «коммуникация», «коммуникативтік» терминдері, сондай-ақ тілдік коммуникация, қатысымдық қызмет, қатысымдық оқыту, қатысымдық әдіс, қатысымдық бағыт, тілдік қатынас мәселелері жан-жақты қарастырылды. Мақаланың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында зерттеу тақырыбына қатысты авторлардың көзқарастары мен пікірлеріне шолу жасалды. Сонымен қоса теорияға негізделген ғылыми еңбектер зерделенді. Қатысымдық бағыттың бүгінгі заман талабы екенін айта отырып, қатысымдық бағдарлы оқытудың өзектілігі танытылды. Қатысымдық әдістің лингвистикалық негіздерін анықтаудағы коммуникативтік лингвистиканың идеялары көрсетілді. Әдістің психологиялық тұжырымдамасына орай адам іс-әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасатын іс-әрекеттің субьектісі ретінде қаралды. Әр түрлі әдіскер-ғалымдардың қатысымдық оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары сипатталды. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф. Ш. Оразбаеваның ой-тұжырымдары келтірілді. Сонымен қатар қатысымдық бағыттың әуел баста тілді жеделдете оқытудың негізгі әдісі ретінде қалыптасқаны айтылды. Қатысымдық бағдарлы оқытудың нәтижесі – тілдік қатынас екенін айта отырып, тілдік қатынас, қатысымдық қызмет ұғымдарына берілген анықтамалар талданды. Қорытындыда қатысымдық бағдарлы оқытудың маңызы тұжырымдалды. Қатысымдық бағдарлы оқыту бағытының тиімділігі дәлелденді. Тілді қатысымдық тұрғыдан меңгертудің мәні мен маңызы айқындалды.

Сведения · Details