Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 2.2024, с. 374-388
СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕ КҮН ТҮРЛЕНДІРГІШТЕРІН ҚОЛДАНУ
Аннотация · Abstract
Күн электр станцияларын пайдалану Қазақстан үшін дәстүрлі емес энергияның ең маңызды саласы болып табылады, мұнда сумен жабдықтау мақсатында күн радиациясын электр энергиясына түрлендірудің фотоэлектрлік әдісін пайдалану тиімді екендігі көрсетілді. Бұл мақалада күн электр станциясына негізделген суару үшін арналған сумен жабдықтау жүйесі әзірленді. Қызылорда облысының географиялық орналасуын ескере отырып, суару жүйесін жабдықтау мақсатында электр энергиясын өндіруде фотоэлектрлік элементтерді пайдалану мәселесі көтерілді. Қызылорда өңірі үшін көлденең бетке түсетін тәуліктік күн радиациясының көлеміне талдау жасалып, күн электр станциясынан қоректенетін сорғы жүйесіне есептеу және таңдау әдістемесі әзірленіп, тұтынуға арналған судың мөлшері анықталды. Күн фототүрлендіргіші - сумен жабдықтау сорғы жүйесін жасау барысында алдымен судың күнделікті қажеттілігі анықталды, сондай-ақ жүйені пайдалану туралы деректер қолданылды. Таңдалатын сорғы түрі, сорғының сипаттамаларына сәйкес айналу моменті, жүйенің мүмкіндігінше тиімді жұмыс жасау қажеттілігі көрсетілді. Қызылорда облысының климаттық жағдайында жыл бойына ең тиімді энергияны алуға мүмкіндік беретін күн панельдерінің көлбеу бұрыштарының оңтайлы бұрыштары есептелді. Жұмыс барысында күн радиациясының қысқы және жазғы айлардағы айырмашылығы энергетикалық кешен орнатудың географиялық ендігіне байланыстылығы анықталды. Кілтті сөздер: энергетикалық кешен, күн радиациясы, сорғы, фототүрлендіргіш, фотоэлектрлік сорғы, күн инсоляциясы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jrce4152
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0