Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 71-83

ТӘУКЕ ХАН ЖӘНЕ ЖЕТІ БИ («КҮЛТӨБЕНІҢ БАСЫНДА КҮНДЕ КЕҢЕС» АТТЫ МӘТЕЛ СӨЗДІҢ АСТАРЫ)

А. А. Әбсадық, А. Б. Саулебаева

Аннотация · Abstract

Қазақ хандығының негізін қалаған, мемлекетті ұрыс майданы мен саясат сахнасында қарудың, яки болмаса дипломатияның күшімен қорғаған хан-сұлтандар, би-батырлардың ерлік істері, қажырлы қайраты, атқарған істері тарихи жазбалармен қатар фольклорлық туындыларда сақталып жетті. Бұл тұрғыда ақпараттық-танымдық функциясы басым аңыз әңгімелердің маңызы ерекше. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап, қоғамның дамуында сан мәрте кезеңдік сүзгіден өткен кейбір аңыздарда болған оқиғаның шындығы көмескеленіп, тұтастанып, ел тарихының елеулі бір кезеңдерінен нышан беретін мақал-мәтел сөздер арқылы айшықталды. Сондай мәтел сөздің бірі – «Күлтөбенің басында күнде кеңес» атты тұрақты сөз тіркесі. Аталған мәтел сөздің хабар-деректік сипатында Тәуке хан бастамасымен құрылтай шақырылып, онда «Жеті жарғы» заң-жосығы қабылданғаны туралы мазмұн орын алған. Оны бекітуге қазақ Ордасынан үш би, Қатаған, Жайма руының өкілдері және туыстас қырғыз, қарпақалпақ халықтарының басшылары – барлығы жеті би қатысады. Заң жоралғының «Жеті жарғы» атануының да басты себебі де – осы. «Жарғы» сөзінің мағынасы қалмақ тілінде әкімші (администратор) дегенді білдіреді. Жеті би – өздеріне тиісті ру-тайпалық бірлестікте ханның өкілі, құрылтайда бекітілген бітім-заң ережелерін қадағалаушы. Аңыз мазмұнында олар «іс бітірушілер» деп аталады. «Күлтөбе басында күнде кеңес» – бітім-заң жоралғыларын бекітумен қатар Қазақ хандығына, тіптен тұтас Орта Азияға қауіп төндіре бастаған Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұру үшін көршілес түркі халықтарымен саяси одақ құрған тарихи оқиғаны паш еткен құрылтай. Сол тарихи оқиғаның халық жадындағы жаңғырығы «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген мәтел сөзбен шегенделген. Мәтел сөздің мағынасын ашу Қазақ хандығының саяси тарихынан тануға септігін тигізеді. Кілтті сөздер. Қазақ хандығы, Жеті жарғы, қырғыздар, қарақалпақтар, құрылтай, саяси жағдай.

Сведения · Details