Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 3,2025, с. 345-358

КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

А. В. Мухаметжанова, А. М. Жандарбекова, K. A. Мурзабекова, Қ. Қ. Қуанышбекова, Д. С. Искаков

Аннотация · Abstract

Мақала Қазақстанның көлік саласындағы бизнес-процестердің цифрлық трансформациясына жасанды интеллектінің әсерін талдауға арналған. Цифрландырудың жедел қарқынмен дамып, логистикалық жүйелердің тиімділігі мен тұрақтылығына қойылатын талаптардың артуы жағдайында зерттеу жасанды интеллектінің енгізудің мүмкіндіктерін, тәуекелдерін және болашағын анықтауға бағытталған. Зерттеу объектісі – көлік саласы, ал пәні – жасанды интеллектінің негізгі бизнес-процестерге, соның ішінде автоматтандыру, болжау, маршруттау және қорларды басқаруға әсері. Әдіснамалық базаға 73 маманнан алынған сараптамалық сауалнама мен SWOT-талдау әдісі кірді, бұл цифрландырудың күшті және әлсіз тұстарын, сондай-ақ қауіптер мен мүмкіндіктерді кешенді бағалауға мүмкіндік берді. Сауалнама нәтижелері жасанды интеллектінің деректерді өңдеу тиімділігін айтарлықтай арттыратынын, шығындарды азайтатынын және логистиканы оңтайландыруға септігін тигізетінін көрсетті, бірақ адамды эмпатия, этика және стратегиялық ойлау мәселелерінде алмастырмайды. Деректерді жоғалту, технологиялық тәуелділік және стандартты емес жағдайларда алгоритмдердің шектеулілігімен байланысты тәуекелдер анықталды. жасанды интеллектіні сәтті енгізу инфрақұрылымды жаңғырту, кадрларды даярлау және ұйымдық мәдениетті бейімдеу сияқты кешенді өзгерістерді талап ететіні анықталды. Зерттеу Big Data және бұлттық шешімдер сияқты цифрлық технологиялардың халықаралық логистикалық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы маңызды қозғаушы күштерін атап көрсетеді. Ұсынылған қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстар көлік саласындағы цифрлық трансформацияны стратегиялық жоспарлауға және логистика мен цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге пайдалы болуы мүмкін. Кілтті сөздер: Көлік, көлік саласы, бизнес-процестер, жасанды интеллект, сараптамалық бағалау, цифрландыру, трансформация.

Сведения · Details