Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 2.2022, с. 234-245
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРЛЕРГЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Аннотация · Abstract
Мақалада Жамбыл Жабаев шығармаларын оқыту арқылы білімгерлерге эстетикалық тәрбие беру тақырыбындағы зерттеушілердің ғылыми ой пікірі негізінде талдау жасалды. Нақты ғылыми фактілерді көрсете отырып, теориялық дәлелдер келтірілді. Зерттеу негізгі тұжырымдарын алдағы зерттеулерде теориялық дәйек ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ филолог ғалымдар ізденістеріне жаңа деректік пайдаға асатын зертханалық нәтижелер де бар. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар, шығармаларының тәлім-тәрбиелік маңызы зор жыраулар поэзиясына арналған. Эстетикалық тәрбие үнемі, тұрақты бірізділікпен көркемөнер туындыларын көріп, оқып, талдап, ой жүргізуді талап етеді, сол себепті білімгерлердің эстетикалық тәрбиелілігінің өлшемдері мен көрсеткіштері өлеңдерді талдауы, ой жүргізуіне байланысты болуы керек. Нақтылап айтқанда, білімгерлердің Жамбыл туындыларын тани білуі және оған деген қызығушылығы, таңданысы маңызды. Білімгерлердің поэзияны қабылдауын дамыту – олардың шығарма туралы мәліметтерін, білімін үнемі толықтырып отыру, эмоционалдық сезімнің ізгі істерге жетелеуін, тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарын, рухани-адамгершілік қасиетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Жамбылдың ақын ретінде қалыптасуына өз тұсындағы аға ұрпақ ақындардың, өзіне дейінгі жыраулардың шығармашылығы сарқылмас бастау, таймас тұғыр болды. Жамбылдың XIX ғасырдағы өзі тікелей араласқан, көпшілігін ұстаз тұтқан ақындық мектеп өкілдеріне деген лебіздері – дәстүрлі поэзиядағы эстетикалық танымның бағалануы деп түсіндіруге болады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jqfz6947
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0