Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 2,2025, с. 222-234
КӘСІПОРЫННЫҢ ШЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада шығынсыздықты талдаудың пәндік саласы мен компоненттік құрамы (CVP талдау), оның кәсіпорынды басқаруға арналған функционалдығы қарастырылады. Бұл әдіс шығын мәндерін, өнімді сату (өндіру) көлемін және пайданы болжауға көмектеседі. Зерттеудің мақсатты бағыты болып кәсіпорынның даму бағыттарын негіздеу үшін шығынсыздықты талдаудың құралдары мен функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану табылады. Шығынсыздық теориясының мақсаты көрсетілген, CVP талдауының тақырыптық бағыттары жүйеленген, оның мазмұнын көрсететін төрт тәсіл бөліп көрсетілген, келесідей пәндік саланың негізгі элементтерінің мазмұны ашылған: маржалық кірістің, қамту ставкаларының, шығынсыздық нүктесінің (рентабельділік шегі), қаржылық беріктік қорының және жұмыс тұтқасының. Ауыл шаруашылығы ұйымының мысалында шығынсыздыққа талдау жүргізілді, оның шаруашылық қызметінің табыстылығын арттыру бағыттары негізделді. CVP талдауының қызметтік мүмкіндігін кеңейту және ауыл шаруашылық ұйымының қызметін болжау үшін сезімталдықты талдауды, қаржылық нәтижелерді жоспарлау матрицасы және шығынсыздықты басқару, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау кезінде пайда табудың балама нұсқаларын таңдау үшін сценарийлік әдісті қолдану ұсынылды. Кәсіпорынның шығынсыз қызметіне талдау және болжау жүргізудегі қиындықтар анықталды, олар «директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды есептеудің нормативтік-құқықтық реттелмеуімен, маржалық кірісті есептеу әдістемесімен және басқарушылық есепке алу жүйесін қалыптастырумен байланысты. Кілтті сөздер: пайда, шығынсыз қызмет, басқарушылық шешім, жоспарлау, шығынсыздық нүктесі, жұмыс тұтқасы, сезімталдық талдауы, сценарийлік әдіс.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jlcc9020
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0