Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 227-235
Бернияз шығармашылығындағы символизм элеметтері
Аннотация · Abstract
"Мақалада Бернияз Күлеев лирикасындағы символдың табиғаты сараланып, қолданыс аясы, көркемдік ерекшелігі талданған. Б. Күлеев – символист ақын. Б. Күлеев шығармашылығы ұзақ жылдар бойы дәуірдің тынысына, заманның қытымыр қабағына байланысты күрделі, қайшылықты тұрғыда бағаланып келді. Ақын өлеңдерінің сипатына қарап отырып, оның көңіл-күйді көп жырлауы ақынның өзінің басын ғана күйттеген, өзімшіл, дарашыл пиғылдан тумағандығына көз жеткіземіз. Қазақ символизмінің ірі өкілі Мағжан болса, соның қатарында Бернияздың да есімі аталады. Жалпы, символизм әдеби ағым ретінде алғаш Еуропада XIX ғасырдың аяғында, ал Ресейде XX ғасырдың басында пайда болып, қалыптаса бастады. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіндегі символизмді қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, символдың образдылық сипатын аталмыш ақын поэзиясы арқылы көрсету біршама айқындалған. Бұл – еңбектің көлемді болмаса да, өзектілігін айқындары анық. Мерзімді басылымдар мен әртүрлі ғылыми-теориялық әдебиеттерде осы мәселе қозғалып, белгілі бір деңгейде зертелгенімен, әлі де оның көрінісін зерттеудің маңызы зор. Мақалада аталмыш ақынның өлеңдеріндегі символдың көркемдік ерекшеліктерін әдеби негізде зерттеуді тиімді деп тауып, барынша көкейкесті мәселе ретінде қарастыру көзделінген. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jcwr3653
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0