Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 309-321
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУҒА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ КОРПУСТЫҢ ӘСЕРІ
Аннотация · Abstract
Ұсынылып отырған мақалада қазақ тілін үйретуде мультимедиалық корпусты қолдану арқылы мәдени құзыреттілікті дамытудың өзекті мәселелері қарастырылған. Жаһандану жағдайында білім алушылардың тек лингвистикалық емес, сонымен қатар мәдени дағдылары мен құзыреттілігін қалыптастыру заман талабы болып отыр. Сол себепті мақалада мультимедиалық корпустың, нақтырақ айтқанда, балаларға арналған кинофильмдер корпусының осы үдерістегі рөлі зерттеледі. «Мәдени құзыреттілік» тұлғаның әртүрлі мәдениет өкілдерімен тиімді байланыс орната алатын қабілеті ретінде саналады. «Мәдени тәжірибені» фильмге негізделген мультимедиалық корпус арқылы жетілдірсе, «мәдени құзыреттіліктің» қалыптасуына ықпал ететіндігі айқындалды. Мақалада мультимедиалық құралдардың білім берудегі тиімділігін, әсіресе оқушылардың оқу үлгеріміне және материалды түсінуіне оң әсер ететінін көрсеткен еңбектермен дәйектелген. Фильмдер мультимедиалық ортаға бейімделген білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді педагогикалық құралы ретінде көрсетіледі. Аутентикалық материалдарды, оның ішінде фильмдерді пайдалану дәстүрлі сабақтарды түрлендіріп, мәдени құзыреттілікті дамытады деген тұжырым жасалды. Мақала авторлары зерттеу барысында қазақ тілінде түсірілген «Менің атым Қожа» (1963) балалар фильмінің мысалын пайдалана отырып, мультимедиалық корпустың қолданылуына талдау жасайды. Талдауда білім алушылардың мәдени құзыреттілігін арттыруға арналған негізгі құндылықтарды және ұлттық реалияларды анықтайды. Кілтті сөздер: мәдени құзыреттілік, мультимедиа, мультимедиалық корпус, мәдени тәжірибе, фильм.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/jbor4752
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0