Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 313-322
1960-90 жж. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазақ балалар әдебиетінің 1960-90 жылдардағы даму қалпы талданады. 1960-1990 жылдардағы қазақ балалар әдебиетіндегі тақырыптық, идеялық ерекшеліктер, кейіпкер бейнесін жасаудағы көркемдік тәсілдер осы кезең қаламгерлері шығармалары арқылы ашылады. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер әдебиетке жаңа леп әкелді. Бұл балалар әдебиетінде де оң әсерін тигізді. Балалар прозасының дамуы жаңа кейіпкерлердің сан түрлі үлгілерімен, жаңа тақырыптармен өзгешеленді. Бұған дейінгі мектеп тақырыбы ендігі жерде балалар әлемінің кең кеңістігіне мүмкіндік ашты. Бұл әлем ересектер әлемінен бөлек жаңа сипаттарымен көрінді. Қазақ балалар әдебиетіндегі жаңа кейіпкер жасаудағы прозалық шығармалардың орнына ерекше мән беріледі. Прозалық шығармалар қоғамның суреттерін барынша нақ көрсетуімен бірге, кейіпкер қайшылықтары, мінез арқылы сол кезеңнің болмысын ашқандығы да анықталады. Қоғамдағы өзгерістердің қазақ балалар прозасына әкелген жаңа серпілістері әдебиеттегі жаңа балаларды жасады. Бұларда еркіндік пен ақылдылық, балалық мінез сақталуымен өзгеше. Сондықтан да 1960-90 жылдардағы қазақ балалар повестері бүгінгі күні қажетті үйренер кезең деп алынады. Қазіргі ақпараттық технологиялар кезеңі үшін аталған кезең талдануы, кейіпкерлері қайта зерттелуі керектігі айтылады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ixza2225
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0