Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 318-330

ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАДАҒЫ БАЛАЛАР ТІЛІНІҢ ОРФОЭПИЯЛЫҚ НОРМАҒА СӘЙКЕСТІГІ

А. С. Мурзинова, Ғ. Б. Шойбекова, С. А. Асанбаева, А. М. Ахметова

Аннотация · Abstract

"Мақала теледискурстағы балалар тілінің қазақы орфоэпиялық заңдылықтарға сүйене отырып, айтылу деңгейін қарастыруға арналды. Балалар тілінің орфоэпиялық нормаға сәйкестігін зерттеуде ҚР Тіл туралы Заңына, емле ережелері мен орфоэпиялық заңдылықтарға сүйену қажеттігі айтылды. Сөз мәдениеті, әдеби тіл нормасының теориялық және тәжірибелік мәселелері қарастырылған зерттеулерге жан-жақты әдеби шолу жасалды. Жасалған әдеби шолулардан жалпы теледидар тілі жайлы зерттеулер болғанмен, балалар телебағдарламаларының дискурсы, әдеби тіл нормасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы зерттеулер жоқ екендігі байқалды. Сондықтан мақалада теледидар бағдарламаларындағы балалар тілін зерттеудің өзектілігі жоғары екендігі көрсетілген. «Balapan» телеарнасындағы танымдық, зияткерлік, оқу, ойын-сауық, ақпараттық, танымдық бағдарламаларға қатысқан балалар тілі зерттеу нысаны болды. Телебағдарлама тілінің просодикалық, риторикалық ерекшелігін түсіну үшін, сондай-ақ бала тілінің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, орфоэпиялық заңдылығын, акустикасы мен артикуляциясын сақтау үшін талдаулар жүргізіліп, көрсетілді. Орфоэпиялық нормаға сәйкестігі//сәйкес еместігі, дыбысталу қарқыны Speech Analyzer әдісінің көмегімен айқындалып, нәтижесінде телекоммуникаторлардың көтеріңкі және төменгі дыбыстау қарқынының сегменттері сурет арқылы берілді. Сегменттердің акустика-артикуляциялық тұрғыдан өзгерісі ұлттық тілдің сипатына әсер ететіндігі айтылған. Перлокутивті қызметке ие тілдік бірліктердің орфоэпиялық сипаттамасы жасалып, талданды. Кілтті сөздер: «Балапан» телеарнасы, балалар тілі, орфоэпиялық норма, әдеби тіл, дыбыс қарқыны, теледискурс. "

Сведения · Details