Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 458-471
ТЕМІР ЖОЛ ҚИСЫҚТАРЫНАН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚПЕН ӨТУ КЕЗІНДЕ ЖОЛАУШЫ ВАГОНЫНЫҢ ЕҢКЕЮІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
Аннотация · Abstract
Қисықтардағы жылжымалы құрам шанағының көлбеуін реттеу бірнеше мәселелерге алып келуі мүмкін, олар: тұрақтандырудың жеткіліксіздігі: қисықтардағы жылжымалы құрам шанағының қатты қисаюы жолаушыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін және кинетоз деп аталатын ауыр жағдайдың пайда болу қаупін арттырады; техникалық мәселелер: гидравликалық немесе пневматикалық жүйелер уақыт өте келе тозуы немесе сынуы мүмкін, бұл үнемі техникалық қызмет көрсетуді және бөлшектерді ауыстыруды қажет етеді. Мақалада теміржол желісінің қисық телімдерінде пойыздар қозғалысының жоғары жылдамдығын сақтау мәселелері қарастырылған. Пойыздың қозғалыс жылдамдығы жоғарылаған кезде қисық телімнен өту кезеңінде жолаушыларға теріс әсер ететін күштер синхронды түрде күшейеді. Теміржол желісінің қисық телімдерінен өту кезінде артық орталықтан тепкіш күші бар вагон бұрылу қисықтығына қатысты сыртқа қарай еңкейе бастайды, нәтижесінде жолаушылар ыңғайсыздықты сезінеді. Мақалада жолаушылар жылжымалы құрамының вагондарын жоғары жылдамдықта бұрылуды жүзеге асыру үшін теріс бағытта көлбеу күйге келтіру ұсынылады. Бұл ұсыныс вагон шанағының екі белгілі еңкейту жүйесінің – активті (мәжбүрлі) және пассивті (инерциялық) еңкейту жүйелердің артықшылықтарын біріктіруден тұратын техникалық шешімге негізделген. Бұл жағдайда еркін айналатын роликтерде орналасқан вагонның шанағына осы күштің артық мәнін өтей отырып, орталықтан тепкіш күшке қатысты кері бағытта айналмалы қозғалыс беріледі. Вагон шанағын бұру арбалардағы корпустың төменгі жағында орналасқан серво-жетектердің көмегімен жүзеге асырылады. Кілтті сөздер: жылдам қозғалыс, вагонның еңкею жүйелері, шанақтың еңкеюін реттеу, еңкею бұрышы, шанақтың бұрылу механизмі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/inow3160
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0