Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 35-47
"ТАҢБАЛАР СИПАТТАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ КОННОТАЦИЯЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ "
Аннотация · Abstract
"Мақалада таңбалар сипаттамасындағы аксиологиялық коннотациялардың құрылымы мен мағынасының зерттелуі қарастырылады. Мақсаты – қазіргі таңда аксиологияның назарын аударатын құндылықтар түрлерін зерделеу. Мақаланың ғылыми маңыздылығы аксиологиялық коннотациялардың қолданысы, заттың номинативті мағынасының ашылуы және ғылыми таным құндылықтары арқылы моральдық құндылықтар, құқықтық құндылықтар, адамзат тарихы мен әлеуметтік құндылықтар мағынасын ашып зерттеу боп табылады. Зерттеуде аксиологиялық коннотациялардың жалпы тіл біліміндегі зерттелу тарихы толық жан-жақты да баяндалады. Сонымен қатар қазіргі тіл біліміндегі бірқатар лингвистиканың аясында қолданылатын салыстырмалы, салғастармалы зерттеу тәсілдері арқылы мысалдар алынып талданады. Басқа халықтың сипаттамалары ретінде басқа ұлттың мәдениеті туралы идеяларына қатысты маңыздылығы сөз болады. Қазіргі жаңа бағыттағы зерттеу әдістері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, эколингвистика, әлеуметтік дискурс, саяси лингвистика, лингвокриминалистика, теолингвистика және т.б. салалары туралы ғалымдардың тұжырымдары сұрыпталып, сипатталады. Коннотация нақты лингвистика мен экстралингвистика аясында тығыз байланыста қарастырылады.. Мақаланың практикалық маңыздылығы оның мазмұны, негізгі тұжырымдары аксиологиялық стереотиптердің әлемдегі және қоғамдағы жағдайға байланысты өзгеретіндігі анықталды. Лингвистикалық аксиологияның объектісіндегі зерттеулер талдану барысында танымдық процестердің және оларға сәйкес ережелерінің ажырамас бөлігі, эксперименттік психология адамдардың коннотациялық танымы негізінде талданады. Олардың өмір сүру ұзақтығы, қоғамның жалпы тұрақтылығы белгілі бір бейнелерге байланысты тарихи шындыққа тән практикалық тұрғыдан талданады. Аксиологиялық зерттеудің міндетіндегі тілдік бірліктің құндылық компонентттері сөз болады және қазіргі тіл білімінің өзекті зерттеу объектілері екеніне баса назар аударылады. Кілтті сөздер: Таңба, аксиология, коннотация, мағына, құндылық, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, таным. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/inoi9172
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0