Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2024, № 4.2024, с. 62-74

Адами капитал мен әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қалыптастырудағы жоғары білім сапасының рөлі

Ә. М. Әуез, С. К. Кондыбаева, Г. Р. Даулиева, А. Е. Калиева

Аннотация · Abstract

Мақалада, Қазақстанның адами капиталды құру үшін инвестиция ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлардың өзара әрекеті қарастырылып, экономикалық өсу процесінің кейбір сыни аспектілері көрсетіледі. Себебі, инвестицияларға нақты әлеуметтік құрылымды, адам білімін және денсаулық сақтау капиталын құрайтын уақыт пен күш шығындары кіреді, бұл өз кезегінде экономикалық өсуді тудырады. Адами капиталды дамыту саласындағы әрекетсіздік барған сайын үлкен шығындарды алып келеді, зерттеу тақырыбы осымен өзекті болып табылады. Мақаланың мақсаты - адами капиталды қалыптастыру контекстінде жоғары білім сапасының рөлін және осы процестің әлеуметтік-экономикалық қатынастарға әсерін терең қарастыру болып табылады. Зерттеу білім беру жүйесінің қандай нақты аспектілері адам капиталының сапасына көбірек әсер ететінін көрсетеді. Қолданыстағы зерттеулерді терең талдау және синтездеу арқылы біз инновациялардың, экономикалық өсудің және тұрақты әлеуметтік прогрестің драйвері ретінде білім берудің маңыздылығы туралы түсінігімізді кеңейтуді мақсат етеміз. Мақаланың мақсатына жету үшін авторлар теориялық зерттеу, салыстырмалы талдау және корреляциялық талдау әдістерін қолданды. Нәтижесінде, 2018 жылдан 2022 жылға дейін адами капиталға әсер ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды анықталды және адами капиталдың экономикалық прогресіне қандай аспектілердің ықпалы бары нақтыланды. Мақаланың қорытындылары экономикалық өсуді ынталандыру үшін адами капиталға инвестициялаудың маңыздылығы анықталды. Авторлар адами капиталды жоғарылату және соның әсерінен орын алатын экономикалық өсуді ынталандыруға ұсыныстар берді. Кілттік сөздер: адами капитал, экономикалық өсу, жоғары білім сапасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік-экономикалық қатынас.

Сведения · Details