Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 4.2025, с. 468-481
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
Аннотация · Abstract
Бұл тақырыптың өзектілігі қоғам дамуының қазіргі кезеңінде студенттердің көшбасшылық құзыреттіліктерін дамыту мәселесін қамтиды. Бұл зерттеу техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің көшбасшылық құзыреттіліктерін дамытуды теориялық және эксперименттік негіздеуді қарастырады. Қазіргі білім беру жүйесінде көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру студенттердің болашақ кәсіби қызметіндегі жетістіктеріне ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Эксперименттік зерттеу нәтижелері көшбасшылық құзыреттіліктерді дамытуда рөлдік ойындар, тренингтер мен топтық жұмыстардың маңыздылығын дәлелдеді. Алынған нәтижелер студенттердің ұйымдастырушылық, коммуникативтік және стратегиялық ойлау дағдыларын жетілдіруге оң әсер ететінін көрсетті. Бұл зерттеу білім беру үдерісінде көшбасшылық құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді әдістерін қолдануға негіз болады. Зерттедің нәтижелері білім беру бағдарламаларына көшбасшылық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған іс-шараларды енгізу қажеттілігін көрсетеді. Мақаланы жазуда логикалық әдістер, атап айтқанда талдау және синтез әдісі маңызды орын алды. Талдау әдісі арқылы теориялық мәліметтер жинақталды, сонымен қатар зерттеу кезеңі басталғанға дейін және зерттеуден кейінгі нәтижелері салыстырғанда – салыстыру әдісі, синтез әдісін қолдана отырып, алынған барлық ақпарат логикалық құрылымдалған жұмысқа айналды. Бұл әдістер зерттеу нәтижелерін және жұмыстың ғылымилығын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Кілттік сөздер: студент, көшбасшы, көшбасшылық, көшбасшылық құзыреттілік, зерттеу.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/imdk2541
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0