Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 329-344

ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНДЕГІ ЕСІМШЕ, КӨСЕМШЕ ЖАЛҒАНҒАН ЕТІСТІКТЕРДІҢ ФОНО-МОРФО-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Ж. Т. Көпбаева, Ғ. Б. Шойбекова, Г. Қ. Абдирасилова, Г. У. Анартаева

Аннотация · Abstract

Мақалада Ясауи хикметтеріндегі есімше мен көсемше қосымшалары жалғанғаннан кейінгі етістіктердің фонетикалық өзгерісі, морфологиялық ерекшеліктері, соған сәйкес мағыналары диахрондық тұрғыда қарастырылады. Орта ғасыр ескерткіштерінің ішінде сопылық жанрда жазылған «Диуани Хикметтің» етістіктері сол кезеңдегі етістіктердің дыбыстық, құрылымдық, мағыналық қолданыстарын көрсетеді. Жалғанған есімше, көсемше жұрнақтары қимылдың әртүрлі сипатын, амал-тәсілдерін, мақсаттарын білдірумен қатар, есімше жұрнақтары жалғанған етістіктер есімнің қызметтерін де атқаратындығы көрсетілді. Ясауи өмірі мен хикметтері, дүниетанымы, өмір туралы философиясы – адамзат баласымен бірге жасасатын, ескірмейтін тақырып. Себебі адамзаттың өз заманына лайықты дүниетанымы мен ұғым-түсініктері Ясауи хикметтерін жаңаша, заманына сай түсінуге алып келеді де, өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан да бұл тақырыптың әлемдік ғылымда зерттелуі тоқтамайтынын әдебиеттерге шолу көрсетіп отыр. Ясауи хикметтерінде есімшенің барлық түрлері кездеспеді. Тек қазіргі -атын, -етін, -йтін тұлғаларының орнына есімшенің өзге нұсқалары қолданылғаны байқалады. Сонымен қатар есімше жалғанып есімденген сөздер есім сөздердің орнына жұмсалып, қызметінің түрленгенін көруге болады. Демек, есімше жұрнақтары жалғанып, морфологиялық тұлғалары өгеріске түскен етістіктердің мағынасы затсымақтанып, заттану процестері жүргені мақалада мысалдар арқылы көрсетілді. Есімшелі етістіктер сөйлем ішінде сөйлем мүшелерінің барлық қызметтерін атқарса, көсемше жалғанған етістіктер пысықтауыш және баяндауыш қызметтерін атқара алатындығы байқалды. Кілтті сөздер: есімше, көсемше, етістік, Ясауи хикметтері, семантика, фоно-морфо-семантика

Сведения · Details