Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 31-41

Логикалық-ақпараттық мәдениеттің әдіснамалық мәселелері

Абилова Орынгуль Асылбековна, Снопкова Елена Ивановна

Аннотация · Abstract

"Мақалада «логикалық-ақпараттық мәдениет» ұғымының қалыптасу әдіснамасының өзекті мәселелері талданады, оның анықтамасын құруға деген негізгі көзқарастар қарастырылады, қолданыстағы дефиницияларға сыни баға беріледі және оның функционалдық қыры ашылады. «Мәдениет», «логика», «логикалық мәдениет», «ақпараттық мәдениет» ұғымдары жан-жақты талданып, олардың мазмұндық қыры ашылып, әрқайсысының мағынасы ашылды. Мәдениет ұғымының бірнеше анықтамалары беріліп, оларға салыстырмалы талдау жасалынды. Мәдениет логикасының негізгі сипаттамасы өзіндік логикалық ой мен философиялық трактаттар бойынша емес, мәдениеттің тұрмыстық феномендері бойынша өрнектелді. Логикалық мәдениетті дамыту ғылыми дүниетанымды меңгеру, логикалық дұрыс ойлай білуді жетілдіру деп қарастырылды. Ақпараттық мәдениет уақыт өте келе әр тұлғаны дамытудың маңызды факторына айналатындығы және жалпы адам мәдениетінің көрсеткіші болып табылатындығы сипатталды. Жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қарастыра келе, «логикалық-ақпараттық мәдениет» ұғымының мәні ашылды. "

Сведения · Details