Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 1,2024, с. 83-92

ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК-ТІЛДІК КЕҢІСТІКТЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

А. А. Акынжанова, Т. В. Тимохина, А. Ю. Кишенова

Аннотация · Abstract

Мақалада коммуникативті-тілдік кеңістікте орыс тілін оқытудың инновациялық әдістері қарастырылған. Әдістер студенттердің коммуникативтік және тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған, бұл білім алушыларға мәдениетаралық қарым-қатынас және кәсіби-тілдік қызмет жағдайында табысты әрекет етуге мүмкіндік береді. Жұмыста коммуникативті-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің жұмыс істеу динамикасына талдау жасалады. Бұл адамның сөйлеу ерекшеліктерін және белгілі бір тілдік тенденцияларды сипаттайтын заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Техникалық университет студенттерінің шет (орыс) коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда заманауи білім беру технологиялары өзектендірілуде. ЖОО-да тілідерді оқытуда ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану қарастырылуда. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «орыс тілі» пәнінің сабақтарында практикалық жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, тілдік емес ЖОО студенттерінің тілдік коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру үшін заманауи білім беру технологиялары ұсынылады. ЖОО-да орыс тілін оқытудағы заманауи білім беру технологиялары ақпараттық және коммуникативтік технологияларды, сондай-ақ, оқытудың интерактивті әдістері мен нысандарын қамтиды. Бұл технологияларды тілдік емес жоғары оқу орындарында қолдану тілді оқытудың тиімділігін арттыруға және студенттердің орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, сондай-ақ, студенттердің танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту арқылы шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: тіл саясаты, жұмыс атқаруы, әдіс, тұжырымдама, кәсіби қызмет, сауалнама, динамика.

Сведения · Details