Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 1,2024, с. 300-312
МУЛЬТИ ДЕҢГЕЙЛІ ИНВЕРТОРДАҒЫ КӨП ДЕҢГЕЙЛІ (SPWM) СИНУСОИДАЛЫ ИМПУЛЬСТІК ЕНДІК МОДУЛЯЦИЯСЫ
Аннотация · Abstract
Бұл ғылыми мақалада тұрақты кернеудің айнымалыға түрлендіру әдістері көпдеңгейлі модуляция (MLM) және ендік-импульсті модуляциялар (PWM) қарастырылады. Қуат желісінен электр энергиясын минималды тұтыну критерийі бойынша алгоритмді оңтайландыру процесі сипатталған. Әзірленген алгоритмді қолдана отырып, көп деңгейлі инвертор жүйесін модельдеу нәтижелері келтірілген. Көп деңгейлі синусоидалы ендік-импульстік модуляцияны белгілі алгоритмдермен қолдану нәтижелерін салыстыру ұсынылған шешімдердің жоғары тиімділігін көрсетті THD төмендеуі және көп деңгейлі инвертордың жоғары энергетикалық өнімділігін қамтамасыз ету. Синусоидалы PWM әдісінің мәні инвертор кілттерімен бір уақытта коммутациядан бас тарту және әрқайсысы негізгі кернеу векторының белгілі бір кеңістіктік орнына сәйкес келетін бірнеше, алдын ала таңдалған инвертор күйлері арасындағы коммутацияға көшу болып табылады. Синусойдалы заңға сәйкес импульстік ендік модуляциясының әр түрлі типтерін қалыптастыру кезіндгі шығыс керенеуінің спектрі мен сапа деңгейін салыстыру талданады. Бұл шығыс керенуінің сапасын қалай жақсартуға болатынын көрсетеді. Бұл мақалада зерттеулер «Жиілік ауысуы жоғары және жоғары кернеуді түрлендіру коэффициенті бар инвертормен қос мақсатты байланыстыратын біріктірілген мультикоптер платформасын жасау» гранттық қаржыландыру тақырыбы бойынша жасалған. Кілтті сөздер: инвертор, көпдеңгейлі модуляция, мультидеңгейлі, THD, PWM әдісі, көпдеңгейлі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ihvd2811
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0