Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 98-106
АШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация · Abstract
"COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына байланысты пандемия жағдайы дүние жүзі бойынша білім беру жүйелеріне әсер етті. Бeрiлгeн мaқaлaдa Қазақстанның университеттерінде қазіргі заманғы білім берудің негізгі аспектілері, білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелері қарастырылған, атап айтқанда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің COVID-19 пандемия жағдайына байланысты күндізгі бөлімде оқитын білім алушыларды қашықтан оқытуға көшу тәжірибесі ұсынылды. Зерттеудің мақсаты білім беру ортасын трансформациялау жағдайында сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету үшін педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау болып табылады. Зерттеудің өзектілігі қоғамды цифрландыру жағдайында бейімделу үшін білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің жаңалығы мақалада педагогикалық технологияларды кешенді қолдануда цифрлық құзыреттілік элементтерін анықтау тәсілі қолданылатындығымен анықталады. Білім алушыларды қашықтықтан оқыту үшін білім беру платформаларымен қамтамасыз ету мәселесі және online (онлайн) режимде сабақтар өткізудің жаңа нысаны қозғалады. Пандемия жағдайы білім беру процесіне қалай әсер еткені қарастырылады. Сoнымeн қaтaр, қoлдaнылaтын білім беру платформаларының мaқсaты мeн мiндeттeрi, oлaрдың қoлдaнылy тиiмдiлiгi aтaп aйтылғaн. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ihdm7311
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0