Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 1.2025, с. 350-362

ТЕРЕҢ КАРЬЕРЛЕРДЕ КАРЬЕРЛІК ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ОҢТАЙЛЫ ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЛАРЫН НЕГІЗДЕУ

Г. К. Саменов, Ж. Р. Алипбаев, А. А. Каражанов, Б. У. Жаманбаев, А. Б. Болатова

Аннотация · Abstract

арналған шығындарды төмендетудің маңызды мүмкіндігі пайдаланымдағы технологиялық техниканың жалпы мөлшерін және ауысымға келетін жүк көліктерінің санын оңтайландыру тұрғысынан экскаваторлар мен жүк автомобильдерін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Карьердегі тау-кен-көлік жұмыстарының өзіндік құнын төмендетудің маңызды әлеуеті жалпы парк саны мен ауысымға шығатын жүк көліктер санын оңтайландыру тұрғысынан экскаватор-автомобиль паркінің жұмысын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жүк көліктерінің жай-күйiн талдау және зерттеулер көрсеткендей, жылына 75 миллин тонна көлемiнде жоспарланған автокөлiк жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн 30 және одан да көп жүк көліктерінің паркiн ұстаудың қажеттiлiгi жоқ, карьерде тиiстi тау-кен жағдайлары сақталғанда Komatsu 630E маркалы жүк көліктері жеткілікті болып табылады. Қосымша зерттеулерді талап ететін тау-кен көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырудың ықтимал бағыттарының бірі «кенжар - тиеу қоймасы» бөлігінде құрамдастырылған автомобиль көлігін қолдану болып табылады. Бұл тәсіл қолданыстағы жағдайларға неғұрлым бейімделген, Komatsu 630E ірі габаритті автокөлігіне қайта жүктей отырып, БелАЗ-75135 жүк көліктерін төменгі деңгейжиектерде пайдалануды көздейді. Кілтті сөздер: карьер, автомобиль көлігі, жүк көлігі, жол, отын, кен.

Сведения · Details