Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 3, 2025, с. 161-172

ӨРІСТЕРДІҢ ТЕНЗОРЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Т. Б. Қоштыбаев, М. Е. Алиева, К. К. Жантлеуов, Г. Т. Тугелбаева

Аннотация · Abstract

Математика және физика контекстінде өрістердің тензорлық кейіпі кеңістік пен уақытқа сәйкес өзгермелі физикалық шамаларды сипаттауда қолданылатын математикалық нысан болып табылады. Мұндай шамалар скаляр, вектор немесе ранглері жоғары болып келген тензор секілді анағұрлым күрделі құрылым болуы мүмкін. Тензорлық өрістер тұтас орта механикасында, салыстырмалылық теориясында және электродинамикада кеңінен қолданыс тауып келеді. Осы айтылған жағдайларға және ұсынылып отырған мақаланың тақырыбына орай векторлық өрістерді тензорлар арқылы өрнектеп көрсетудің ықшамды бір үлгісі қарастырылды. Атап айтқанда, электромагниттік өріс тензоры, Максвелл теңдеулері мен бөлшектің өрістегі қозғалыс теңдеулерінің, энергия мен импульс тензорларының өрнектері шығарылып көрсетілді. Тензордың антисимметриялық қасиеті санақ жүйеларін ауыстыру амалына сәйкес келеді, яғни индекстер ауысқан кезде тензордың таңбасы да ауысады. Бұл жағдай құбылыстың математикалық бейнесіне вариациялық принциптерің елеулі жеңілдіктер әкелетінін білдіреді. Физикалық өрістер мен құбылыстардың теориялық негіздемесін тензорлар арқылы жасақтау қазіргі ғылыми ізденістерде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сондықтан да, теоретикалық зерттеушілерді осы бағытта ынталандыру мақсатында осы мақала ұсынылып отыр. Әрине, мұнда тензорлық үлгіде берілетін бірқатар маңызды деген мәселелер ғана қарастырылғанмен зерттеудің басты ұстанымы айқындалды деп есептейміз. Мақалада жүргізілген есептеулер кезінде электромагниттік өріс тензорының Лоренц түрлендірулеріне қатысты өзгеріп отыратындығы, яғни релятивистік электродинамикадағы коварианттылығы ескерілді. Шындығында, энергия-импульс тензоры макроскопиялық электродинамикады қосымша шама ретінде қабылданған. Негізгі шамалар қатарына алмасу күштері, энергия тығыздығы және энергия ағыны жатады. Қозғалыс теңдеулеріне тек осы шамалар ғана кіреді және оларды өлшеуге мүмкіндік бар. Кілтті сөздер: тензор, өріс, координата, импульс, бөлшек, ранг, энергия, импульс.

Сведения · Details