Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 154-163
ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДАЯРЛАУ
Аннотация · Abstract
"Мақалада жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар арқылы даярлау туралы айтылған. Сонымен қатар, мақалада тәрбие құндылызы ұғымына да терең талдау берілген. Автор мақаласында этномәдени құндылықтар негізінде жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлаудың кешенді бағдарламасын ұсынады. Бағдарламада педагогикалық-тәжірибелік жұмыс аясында жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге дайындау мен олардың ата-аналарына арналған лекторий жүргізетін мұғалімдерге бағытталған «Этномәдени құндылықтар негізінде оқушыларын отбасылық өмірге даярлау» бағдарламасы қарастырылған. Автор мақалада қарастырылған басты мәселе отбасылық өмірге адам дайындау болғандықтан, әлеуметтендірудің негізгі компоненті - тәрбие құндылығына да назар аударып, құндылық тәрбиесі - дамыған батыс елдерінің педагогикалық теориясы мен тәжірибесіндегі белгілі бағыттарының бірі екендігіне тоқталады. Құндылық тәрбиесінің негізгі мақсаты - тәрбиеленушілерге жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесін тікелей беру емес, адамгершілік құндылықтарды таңдауға, ізгілік мұраттарына негізделген адамгершілік өлшемдерін жасауға жастардың мүмкіндіктерін қалыптастыру жайлы ой айтады. Сонымен қатар мақалада жастарды отбасылық өмірге даярлауда ұлттық мәдениет туралы ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасалынып, отбасылық өмірге даярлау мәселесі қарастырылады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ifto4422
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0