Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2022, № 1,2023, с. 130-139

АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ГАЗБАЛЛОНДЫ ЖАБДЫҚТАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Б. Д. Каббасов

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада газбаллонды жабдықтарды техникалық пайдалану кезіндегі технологиялық процестерді теориялық зерттеу ұсынылған. Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға және адамға теріс әсерін азайту басты мақсаттардың бірі болып табылады, сонымен қатар автомобильді техникалық пайдалану және жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақтауды және май құюды нормативтік-техникалық қамтамасыз етуді талап етеді. Сұйытылған көмірсутек газдары ағызу технологиялық процесінің негізгі параметрлері сұйық фазаны ағызу үшін қажетті уақыт пен қысым болып табылады. Бұл фазалар сұйытылған көмірсутек газдарды автомобиль газ баллонынан толық ағызу ұзақтығын, яғни автомобильдің ағызу орнында болу уақытын анықтайды. Автомобиль газ баллонынан сұйытылған көмірсутек газдарды ағызудың технологиялық процесінің параметрлерін анықтау бойынша эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Сынақ жүргізу үшін эксперименттік қондырғы жасалды. Эксперименттік қондырғыға мультиклапанмен жабдықталған автомобиль газ баллонынан сұйытылған көмірсутек газдарды ағызу бекеті және сұйытылған көмірсутек газдарды ағызу магистралі кіреді. Эксперименттердің міндеттері: сұйытылған көмірсутек газдарды ағызу бекетінің ұсынылған нұсқасының және мультиклапанмен жабдықталған автомобиль газ баллонынан газды ағызу магистралінің жұмысқа қабілеттілігін бағалау; сұйытылған көмірсутек газдарды ағызу технологиялық процесі параметрлерінің қоршаған орта температурасынан өзгеруін зерттеу; эксперимент нәтижелері бойынша математикалық модельді тексеру. Кілтті сөздер: газбаллонды жабдықтар, газбаллонды автомобиль, техникалық қызмет көрсету, газ ағызу, нормативтік құжаттар.

Сведения · Details