Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2022, № 2.2022, с. 179-188

КӨК-ЖОН ФОСФОРИТ КЕН ОРНЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

Д. Қыпшақ, И. Б. Сарсенова, К. Т. Саканов

Аннотация · Abstract

"Қазақстан Республикасы халқына Жолдауында Президент жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажеттігін атап өткен болатын. Әкімшілік бөлініс бойынша Көк-Жон кен орнының Аралтөбе және Кесіктөбе учаскелері Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Сарысу ауданында, ал Кесіктөбе учаскесінің Баладегерес блогы ішінара Түркістан облысында орналасқан. Көк-Жон фосфорит кен орнының Кесіктөбе учаскесінің Баладегерес блогы бұрын өндірілмеген. Облыс пен кен орнының рельефі солтүстік-батыс бағытта созылған аласа жоталар мен бойлық аңғарлардың кезектесуі болып табылады. Бұл міндетті орындаудағы маңызды қадам – еліміздің кен орындары аймақтарының даму мүмкіндігін зерттеу, жаңа барланған аймақтардың болашағын зерделеу, экономикалық пайдасын есептеу, экологиялық залалын бағалау. Бұл ғылыми мақала қоршаған ортаға әсерді кешенді бағалау нәтижелері бойынша «Көк-жон» кен орнының Аралтөбе және Кесіктөбе учаскелерінің (Баладегерес блогы) тау-кен жұмыстары жобаны іске асыру аймағындағы қоршаған ортаның ағымдағы жай-күйін, оның құрамдас бөліктерінің ықтимал әсерлерге тұрақтылығын кешенді талдау, ықтимал техногендік факторларды зерттеу негізінде жасалды. Мақаланың нәтижесінде егістік объектілері орналасқан аумақтардың экологиялық жағдайы жалпы қанағаттанарлық деп бағаланады."

Сведения · Details