Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 406-421

"ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ АУДАРМАЛАРЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДЕБИЕТТАНУ КОНТЕКСІНДЕ "

Е. М. Солтанаева, Л. Н. Дәуренбекова, Е. Адаева

Аннотация · Abstract

"Мақалада Ә. Бөкейханның Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы гуманистік дүниетанымдағы Л. Толстой, В. Короленко, Д. Мамин-Сибиряк секілді орыс жазушыларынан жасаған көркем аудармалары қарастырылады. Зерттеушілер аударманы салыстырмалы әдебиеттану контексінде ала отырып, аударманың өзекті идеяларды таратушы ретіндегі коммуникациялық, делдалдық қызметіне назар аударады. Отаршылық езгіге қарсы идеялардың бір әдебиеттен келесі әдебиетке көшіп, бір ұлттың тарихи шындығы келесі ұлттың көркем шындығына ұласуын мысалдармен көрсетеді. Ә. Бөкейханның орыс жазушыларының мәдениеттер тоғысындағы ұлтаралық мәселелер қозғалатын мәтіндерін таңдап аударуындағы мақсаты қазақ халықының ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық мүддені көздеу екендігі айқындалып, өз мақалаларындағы үндес ойлармен дәлелденеді. Зерттеушілер Ә. Бөкейхан т.б. алаш қайраткерлерінің Д. Мамин-Сибиряк шығармаларын қазақ тіліне аударып, баспасөз бетінде, жеке кітаптар ретінде жариялауы арқылы қазақ жазушыларының натурализм ағынының кей көркем техникасын игеріп алып кетіп, сол ағым аясында өз шығармаларының жазылуына ықпал еткенін айқындайды. Яғни көркем аударманың белгілі бір көркем ағымдардың қазақ әдебиетіне енуіне, кеңінен таралуына тигізген ықпалын, жасампаздық қызметін саралайды. ХХ ғасыр басындағы аудиторияның өзгешелігін ескеріп, сол қоғам үшін икемдеп адаптациялық тәржіме стратегиясын Ә. Бөкейхан еңбегінде пайдаланғанын саралайды. Кілтті сөздер: аударма, салыстырмалы әдебиеттану, отаршылдық, балама аударма, идея, адаптациялық тәржіме. "

Сведения · Details