Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 2.2024, с. 286-298
ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ КЕРНЕУ ТҮРЛЕНДІРГІШІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада үш деңгейлі кернеу түрлендіргіші, активті-индуктивті және қозғалтқыштағы инвертор жұмысын математикалық модельденуі қарастырылады. Мақаланың негізгі мақсаты үш деңгейлі кернеудің математикалық сипаттамасын жасау болып табылады. Сонымен қатар, үш фазалы инверторлардағы тұрақты ток кернеуі мен ток толқынының егжей-тегжейлі талдауын ала отырып, ең аз тұрақты ток конденсаторын қарастыру. Мақаланың жаңалығы ретінде кеңістік-векторлық алгоритмі әзірленіп, кірістегі кернеуді реттейтін импульстік үш деңгейлі кернеу түрлендіргішінің конденсаторларын математикалық модельдін жасау. Осы мақсатта үш деңгейлі кернеу түрлендіргішіне көптеген есептеулер жүргізе отырып, шығыс кернеуінің модуляция жиілігіне шектеулер қарастырылады. Жартылай өткізгішті ажыратқыштардың көптігіне және басқарудың күрделілігіне қарамастан, жоғары кернеулер мен қуаттарда олар шығыс кернеуінің жоғары сапалы көрсеткіштерін көрсетеді. Мұндай түрлендіргіштердің артықшылығы мынада, кернеу ажыратқыштар арасында бөлінеді және жоғары кернеу үшін бір қосқышты таңдаудың орнына, жоғары коммутация жиілігімен жұмыс істей алатын төменгі кернеу үшін бірнеше рет алуға болады. Есептерді шешу үшін функцияларды ауыстыру әдістері, гармоникалық талдау әдістері, электр тізбегіндегі статикалық процестерді есептеудің аналитикалық әдістері, дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері қолданылды. Алынған теориялық нәтижелер мен аналитикалық байланыстардың сенімділігі MathCad және MATLAB пакеттері арқылы есептеулер арқылы тексерілді. Кілтті сөздер: Түрлендіргіш, инвертор, конденсатор, автономды, импульс.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ibld5538
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0