Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 64-80
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДЕКОЛОНИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМ
Аннотация · Abstract
Бұл мақала А. Байтұрсынұлы аудармаларындағы деколониялық ұстаным мәселелеріне арналады. А. Байтұрсынұлы аудармалары тек шет тілінен жасалған көркем аударма немесе жай тілдік әрекет ретінде ғана емес, отарлық санадан арылуға ықпал ететін деколонизациялық құрал, мәдени және идеологиялық қарсылық ретінде қарастырылуы тиіс. Мақалада отарлық билік тұсында А. Байтұрсынұлының аударма еңбектерін халықтың рухани оянуы мен өзіндік болмысын бекемдеуге бағыттағаны байқалады. Мәтіндегі идеяларды қазақ оқырманының дүниетанымына сай етіп өзгерту – оның ұлттық сананы оятудағы негізгі стратегияларының бірі болғаны талданады. Мұндай тәсілдің аударманы тек тілдік трансформация ғана емес, ұлттың мәдени иммунитетін қалыптастыратын идеологиялық құрал деңгейіне көтергені зерделенеді. Мақаланың мақсаты – А. Байтұрсынұлының аудармаларындағы деколониялық ұстанымды айқындау, А. Пушкин шығармаларындағы мәдени лексиканы қазақ тіліне аударудағы тәжірибесіне, қолданған стратегияларына талдау жасау. Сол арқылы аудармашы ізденісі, жаңашылдығы сараланады. Нәтижесінде А. Байтұрсынұлы аударма еңбектеріндегі жаңаша сөз қолданыстары, ұлт ұғымына лайықталып жасаған ұтымды баламалары айқындалады. А. Байтұрсынұлының А. Пушкин туындыларын қазақ оқырманының ұлттық таным-түсінігіне лайықтап жеткізуді мақсат еткен деген қорытындыға келеміз. Түпнұсқаның тілдік өзгешеліктері мен оның авторының жеке стильдік ерекшелігін сол қалпында жеткізуден гөрі, шығарманың сюжеті мен құрылымын сақтай отырып, негізгі мазмұндық-идеялық ой желісін қазақы сөз саптау мәнеріне салып аудару ХХ ғасыр басында жасалған аудармалардың көбіне тән сипат екені көрсетіледі. Кілтті сөздер: ұстаным, деколониялық әдіс, аударма стратегиясы, трансформация, Алаш қайраткері.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/hzlq9345
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0