Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 113-144
Геодезия терминдерінің аббревиация тәсілі арқылы жасалуы
Аннотация · Abstract
"Ұсынылып отырған мақалада геодезия және онымен сабақтас салалар терминдерінің аббревиация арқылы жасалу мәселелері қарастырылады. Аббревиатуралық лексика қазіргі техникалық сала терминологиясының сөздік құрамының ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені ғылым мен техниканы дамытудың қазіргі кезеңі қарым-қатынаста барынша қысқартылған атаулардың қолданылуын талап етеді. Тәжірибеде қысқарту сөзжасамның күрделі әрі өнімді тәсілі болып табылады, өйткені терминдерге қойылатын жинақылық және тұтастық талаптарына жауап береді. Геодезия және онымен сабақтас салаларда терминдер ретінде көбінесе үш, төрт және кейде одан да көп компоненттерден тұратын күрделі сөздер қолданылады. Алайда, бастапқы әріптің төрт және одан да көп компоненттерімен қысқартулар үш компонентті қысқартулардан әлдеқайда аз. Жаңа қолданыстардың көпшілігі көп компонентті болғандықтан оны аудару, баламасын табу және қолдану да ыңғайсыз. Тілдік қатынас барысында әдетте қысқартылған түрде қолданылатын күрделі терминдер кейін мамандардың күнделікті қолданысында дағдыға айналады. Осылайша, мақалада түсінудегі белгілі бір қиындықтарға қарамастан, аббревиатуралар үнемді, ыңғайлы, түсінікті және мамандар арасындағы өзара түсіністікке, сондай-ақ геодезия және онымен сабақтас ғылымдар терминдерін одан әрі дамытуға ықпал ететіні баяндалады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/hvvo5074
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0