Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 43-55
ЖАҢА АУДАРМА МӘТІНДЕРІНІҢ БАЛАМАЛЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Аннотация · Abstract
Мақала ғылыми (лингвистикалық) мәтіндерді аудару барысында баламалылыққа қол жеткізу тәсілдерін зерделеуге арналған. Зерттеу материалы ретінде Майкл Райан мен Джули Ривкиннің университеттердің филологиялық факультеттеріне арналған «Әдебиет теориясы: Кіріспе» атты оқулығының ағылшын тіліндегі түпнұсқасы және оның қазақ тіліне аудармасы таңдалды. Аталмыш оқулықтың ағылшын тіліндегі түпнұсқасы «Literary Theory: A Practical Introduction» 1998 жылы жарық көрген. Ал қазақ тіліндегі аударма 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа 100 оқулық» шеңберінде жүзеге асырылды. Соңғы жылдары ағылшын тілді әдебиеттер қазақ тіліне кеңінен аударылып келеді. Бұл, әрине, өз кезегінде қазақ тілді оқырмандар үшін өз өрісін кеңейтіп, әлем әдебиеті жайлы жан-жақты білім алып, батыс ғалымдарымен ой алмасуға мүмкіндік береді. Алайда аударма барысында орын алатын кемшіліктер мен қателіктер түпнұсқа мәтініндегі автордың ниеті мен мақсатын реципиентке (қабылдаушыға) бұрмаланып жетуіне түрткі болады. Сол себепті де мақалада ғылыми лингвистикалық мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы аударма әдіс-тәсілдері мен баламалылыққа жету жолдары қарастырылады. Аударма сапасын бағалау категориялары мен жіктемелері талданады. Аударма үрдісі кезінде орын алған әртүрлі аударма трансформациялары, лексикалық және грамматикалық қателіктер мен кемшіліктерге, сонымен қатар біздің ойымызша, оңтайлы деп танылған аударма шешімдеріне аса көңіл бөлінеді. Кілтті сөздер: аударма сапасын бағалау, аударматану, қазақ тілі, ағылшын тілі, әдебиет теориясы, баламалылық, аударма тәсілдері.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/huhw2781
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0