Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2023, с. 229-237

"ЕКІНШІ РЕТТІК ШИКІЗАТТАН ЕТ ӨНІМІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ"

Г. Т. Кажибаева, С. К. Касымов, Б. С. Туганова

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада екінші реттік шикізатты пайдалана отырып, ет өнімін өндірудің жетілдірілген технологиясы ұсынылған. Мақалада деликатестік ет өнімдерін әзірлеу бойынша теориялық және практикалық дәлелдер келтірілген. Зерттеу барысында екінші реттік шикізатты пайдалану, қалдықтарды айтарлықтай азайтып, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтатыны анықталды. Алайда, екінші реттік шикізаттан ет өнімін өндіруде технологиялық және санитарлық мәселелер туындайды, оларды шешу қажет. Физика-химиялық, органолептикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ шикізат пен дайын өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығына эксперименттік зерттеулер ұсынылған. Жүргізілген эксперименттік зерттеулер ет өнімін өндірудің жетілдірілген технологиясы аминқышқылдарының тепе-теңдігін, витаминдер мен минералдардың құрамын, сондай-ақ дайын өнімнің функционалдық-технологиялық қасиеттерін жақсартатынын көрсетті. Екінші реттік шикізаттан ет өнімін өндіру технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі оның сапасын жақсарту болып табылады. Ол үшін дәрумендер мен қоректік заттарды сақтауға, өнімнің дәмін, хош иісі мен құрылымын жақсартуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық процестер қолданылады. Қорытындылай келе, екінші реттік шикізаттан ет өнімін өндіру технологиясын жетілдіру қазіргі заманғы өнеркәсіп үшін маңызды міндет екенін атап көрсетеді. Олар өнімнің сапасын бақылаудың жаңа технологиялары мен инновациялық әдістерін қолдану қауіпсіз, экологиялық таза және жоғары сапалы өнім жасауға мүмкіндік беретінін атап өтілген. "

Сведения · Details