Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 4.2022, с. 132-144
"СӨЗ МӘДЕНИЕТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЭТИКЕТІН ТҮЗУШІ ФАКТОР"
Аннотация · Abstract
"Аталған мақалада адам мәдениеті деңгейінің, оның ойлауының, ақыл-ойының маңызды көрсеткіштерінің бірі-оның сөйлеу мәдениеті туралы қарастырылған. Қазіргі қоғамдағы адами қарым-қатынастың маңызды тұсы – сөз сөйлеу мәдениеті. Сөз мәдениеті - бұл адамдарға бірлескен іс-әрекетте, әлеуметтік өмірде, ақпарат алмасуда, танымда, білім беруде қызмет ететіні анық. Өйткені сөйлеу - шындықты білу тәсілі. Бір жағынан, сөйлеудің байлығы көбінесе адамды жаңа идеялар мен тұжырымдамалармен байытуға байланысты; екінші жағынан, тілді жақсы білу, сөйлеу табиғаттағы және қоғамдағы күрделі байланыстарды білуге һәм шешуге ықпал етеді. Жалпы, қазақ тілі өзінің көп мағыналылығымен, байлығымен ерекшенеледі. Осы тұрғыда латын әліпбиіне көшу-тілді жеңілдетіп,оңтайландыру жолындағы сауатты қадам. Осылайша, болашақта ағылшын тілін оқыту әдістемесін пайдаланған кезде қазақ тілінің мүмкіндіктері арта түседі. Мақалада мәдени қарым-қатынас жасай отырып, адамдар коммуникативті міндеттерге жету бағытында дұрыс таңдау жасайтыны анықталған. Осыған орай бұл мақалада тіл білімінде екі тілді қатар жетік меңгерту амалдары арқылы тілдің маңыздылығын арттырып, студенттің сауаттылық, логикалық ойлау деңгейін күшейтуге бағыт беру көзделді. Тіл мəдениеті сөзді дұрыс, тəртібімен ғана пайдалану болып саналмайды, тіл мəдениеті эстетикалық бағдарды қамтамасыз етеді. Ол өзінің ең жоғары деңгейінде стилистикамен түйіседі, оның мəселелеріне игі ықпал етіп, стилистикалық норманың қалыптасуына толық мүмкіндік жасап береді. Стилистикалық нормадан тілдік норманың өзгешелігі мынада: əдеби тілдің тілдік нормасын қолдану аясы шектеулі емес. Тілдік норма жалпы қолданыстың дұрыстық сапаларын игеріп отырады. Тілдік норманың функционалдық табиғаты варианттылықтың бар болуымен байланысты. Тілдік тəсілдердің варианттылығы əдеби тілдің функционалды-стилистикалық жіктелуін қамтамасыз етеді. Тіл нормасы белгілі жүйелілік пен бірізділікке бағынады. Əр халықта бір-біріне ортақ болып келетін лексикалық мағынасымен бірге сыпайылық мағына білдіретін сөздер көп екенін байқауға болады. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты - тілдің табиғи (биологиялық), жеке (психикалық), қоғамдық (әлеуметтік) қызметінде оның коммуникативті және когнитивті функцияларының мәдениет деңгейінде сараланатын сөйлеу этикетінің маңыздылығына мән беріп, оның әлеуеттік ортадағы формаларына назар аударту. Сондай-ақ шет тілін тілдік білім берудің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруда авторлық тәсілдер үлгі ретінде ұсынылды. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/hrlc4845
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0