Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 1.2025, с. 77-90

ЦИФРЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ЖАҒДАЙЫНДА УНИВЕРСИТЕТ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ТӘЖІРИБЕЛІК ТАЛДАУЫ

К. Калыбеккызы, Р. Ж. Аубакирова, I. Sachdev

Аннотация · Abstract

Жоғары білім беру саласына цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу барысында адам ресурстарын басқару, кадрлық әлеуетті арттыру мәселелерін стратегиялық тұрғыда айқындау маңызды мәселе болып табылады. Цифрландыру жағдайында университет оқытушыларының жаңа рөлі туындап, мәртебесі өзгеріске ұшырап отыр. Осы ретте, ұсынылып отырған мақалада, шет ел және отандық ғалымдардың іргелі зерттеулерінің теориялық талдауы шеңберінде, пәнаралық зерттеу тәсілдері негізінде, университет кадрлық әлеуетін арттыру барысына цифрландыру үрдісін енгізудің тиімділігі және оның адам капиталын дамыту саласындағы рөліне салыстырмалы талдау жасалынады. ЖОО цифрлық трансформация үрдісін әлеуметтік мәдени процесс ретінде айқындай отырып,, университет эко жүйесіне цифрлық технологиялар арқылы мәдени-ұйымдастырушылық басқару тетіктерін енгізу жолдары қарастырылады. Кадрлық әлеуеттегі цифрландырудың маңызы зерделенеді, университет профессор-оқытушылық құрамын жұмысқа алу және олардың кәсіби деңгейін бағалау барысында цифрлық әдістерді қолданудың жолдары қарастырылып, ұсыныстар жасалынады. Кадрлық әлеуетті стратегиялық басқару тұжырымдары зерделенеді, шетел және отандық білім беру жүйесіндегі мен озық тәжірибелер мен артықшылықтарға, инновациялық әдістерге, іргелі тұжырымдар мен көзқарастарға салыстырмалы талдау жасалынады. Университет қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әлеуметтік жауаптылығын күшейту мәселелері айқындалады. Кілтті сөздер: цифрландыру, білім беру кеңістігі, кадрлық әлеует, инновация, стратегиялық басқару, адам ресурстарын басқару

Сведения · Details