Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 148-155

ҚАҺАРМАНДЫҚ ЭПОСТАҒЫ АТ БЕЙНЕСІ МЕН АРХАИКАЛЫҚ ЭПОСТАҒЫ АТ БЕЙНЕСІНІҢ ТИПТІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Айнұр Арғынтайқызы Көшекова, Нұрғұзар Серікбек, Перизат Құрбанбекқызы Ертаева

Аннотация · Abstract

"Берілген мақалада қаһармандық эпостағы ат бейнесі мен архаикалық эпостағы ат бейнесінің типтік ерекшеліктері жағынан салаластыра қарастырылған. Тұлпар бейнесінің қазақ эпосының бас қаһарманы жанындағы алатын орны пайымдалған. Елдің батырға артқан үлкен сенімімен, қиын-қыстау уақыттағы елге жаудан қорған болумен тікелей байланысты эпостық аңсар жүйрік аттың батыр тұлғасы бар жерде ғана пайда болып, оның ең жақын серігі, жаудың құшын қашырар айбынды жолдасы бейнесінде ретінде сипатталады. Әуелден оның батырдың тұлғасынан бөлініп шыққанын дәлелді қарастырылған. Архаикалық эпоспен тығыз генетикалық байланыста өрбитін қаһармандық эпостағы ат бейнесін ашу үшін эпостың басты кейіпкері болған батырдың бейнесін жан-жақты сараланып, одан өрбіте ат образының қыр-сыры, сыр-сипаты суреттелген. "

Сведения · Details