Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 405-415

ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ

Қ. Е.Тілеш

Аннотация · Abstract

Мақалада стиль құбылысы ғылыми проблематика ретінде қарастырылған. Бұл мәселе бойынша жазылған еңбектердегі ғылыми идеяларды және тұжырымдарды салыстыру барысында стиль құбылысының лингвистикадағы және поэтикадағы нақты болмысын тануға болады. Автор бұл мәселенің өзекті теориялық және әдіснамалық қырларына мән берген. Стиль өзінің табиғатына орай жалпыфилологиялық құбылыс ретінде қарастырылған. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарындағы стиль мәселесінің тілдік және әдеби тұрғыдағы ғалымдардың пікірлері мен оған берілген ғылыми анықтамалар негізге алынып, тұжырымдар жасалған. Оның ішінде, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері келтірілген. Атап айтқанда, А. Байтұрсынұлының, Г. Винокур, М. Поляков, тағы басқа ғалымдардың теориялық еңбектерінің ғылыми нәтижелері мен қорытындыларына сүйендік. Мақалада салыстырмалы, критикалық талдау әдістері қолданылды. Стиль және одан өрістейтін стилистика мәселелері көркем мәтінді танудың негізгі компоненттерінің қатарында деуге болады. Осы жүйені толық ғылыми тұрғыдан тану және түсіндіру үшін оны түзетін негізгі тілдік және көркемдік құбылыстар мен элементтерді саралау қажет. Сондықтан да стиль ұғымын толық түсіндіру үшін тіл білімі мен әдебиеттанудағы оның көрінісін тұтас бірлестікте қарастыру қажет. Сипатына орай көркем мәтіндегі стильдің бірнеше қабаттары көрсетілген. Мақаладағы ғылыми қорытындылар көркем шығармалар негізінде орындалып, қажетті салыстырулар жүргізілген. Кілтті сөздер: тіл, әдебиет, мәтін, стилистика, лексика, стиль, жүйе, автор образы.

Сведения · Details