Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 3.2022, с. 349-358

БІЛІМДІК ОРТАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ – МАҢЫЗДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ

М. У. Тусеев, Ж. З. Торыбаева, В. С. Собкин

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада білімдік ортада салауатты тұлғаны дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылатын - психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қарастырады. Білімдік орта мен психологиялық қауіпсіздік ұғымына сипаттама берген ғалымдардың еңбектеріне жан-жақты талдау жасалынып, педагогикадағы білім беру ортасының қауіпсіздігін және оның қорғаныс қызметін арттырудың жолдары үлгіленеді. Педагогикадағы білім беру ортасының қауіпсіздігі, оның балалардың психологиялық саулығын қамтамасыз етуге әсері мен білім беру ортасы жағдайларын жетілдірудің теориялық және практикалық мәселелері талқыланады. Келтірілген негіздемелерді жүйелей келе, мектептің білімдік ортасының негізгі психологиялық параметрі ретінде тұлғаның психикалық саулығы үшін зиянды, психологиялық күш көрсету категориясы арақатынасын белгілей отырып, оның қауіпсіздігінің сипаттамасы ұсынылады. Білім беру қауіпсіздігі - бұл педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық жағдайларды арттыру болып саналады. Мектептің білім беру ортасындағы психологиялық қауіпсіздік-психологиялық салауатты тұлға дамуына ықпал ететін шарт болып табылады. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесіне қолдану мен психологиялық көмек көрсету жоғары кәсіби дайындықты, білімділікті талап етеді. Мектептің білімдік ортасының психологиялық қауіпсіздігі мәселесіне байланысты бірқатар тұғырларды, педагогикалық-психологиялық технологияларды орынды қолдану «өте күрделі өнімді» - психологиялық сау тұлғаны жасап шығаруға толық негіз бар екендігі баяндалады. "

Сведения · Details