Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2024, № 2.2024, с. 17-26
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аннотация · Abstract
Веб-сайттар әртүрлі білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүргізушілерін оқыту процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Олар әр түрлі кезеңдерде икемділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін онлайн курстар, тесттер және көптеген оқу материалдарды ұсынады. Интерактивті платформалар білім алушыларға өзекті ақпаратқа, жол қозғалысы заңдары мен реттеулеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, веб-сайттар тәжірибе алмасу мүмкіндігін, тақырыптарды талқылауға арналған форумдарды және көлік жүргізу дағдыларын жақсартуға арналған кеңестерді ұсынады. Бұл болашақ жүргізушілер үшін қол жетімді және кең ауқымды ресурстармен қамтамасыз ете отырып, дәстүрлі оқыту әдістерін толықтырады. Көлік жүргізушілерін даярлау кезінде веб-сайттарды пайдалану білім беру саласындағы технологиялардың тиімді заманауи қолданылуын көрсетеді және осы саладағы мамандарды даярлау сапасын жақсартады. Бұл мақаланың басты мақсаты – веб-ресурстардың жүргізушілерді оқыту процесіне тиімділігі мен әсерін қарастыру. Мақалада жүргізушілерді оқыту процесін жақсартудағы онлайн ресурстардың әлеуеті қарастырылады және көрсетіледі. Мақалада жүргізушілерге арналған веб-сайттағы курс ұзақтығы, бағасы және қарастырылатын тақырыптар туралы 102 корреспонденттердің сауалнамасы және SWOT талдау нәтижелері мен салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша талданады. Кілтті сөздер: веб-сайт әзірлеу, жол жүру ержелері, жүргізушілерді оқыту, білім беру, заманауи технологиялар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/hmqr2996
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0