Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 4,2023, с. 244-257

ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ЛИМИНАЛДЫҚ КОНЦЕПЦИЯ

А. К. Матаева, С. Б. Жұмағұл, Э. И. Коптева

Аннотация · Abstract

Мақалада әлем әдебиеттану ғылымында танымал құбылыс: лиминалдық концепция қарастырылды. Шетелдік ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып лиминалдық категориясына анықтама берілді. Лиминалдық антропология, қазіргі мәдениеттану және әдебиеттанудың маңызды категорияларының бірі болып табылады. Лиминалдық – өмірдің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуді білдіреді. Лиминалдық терминін алғаш рет антропология ғылымына Арнольд Ван Геннеп енгізген болатын. Антропология саласынан әдебиеттану ғылымына лиминалдық идеясын терминологиялық және тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеген Виктор Тернердің пайымдаулары зерделенді. Зерттеу жұмысының мақсаты: лиминалдық концепциясының қазіргі әдебиеттану ғылымындағы алатын орнын, маңыздылығын, өзектілігін байыптау. Осы бағытта авторлар шетел философтары мен әдебиеттанушылардың іргелі еңбектерін саралап, кешенді талдау жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде лиминалдық теориясының ерекшеліктері анықталып, лиминалдық құбылыстың әдебиеттануда алатын орны бағамдалды. Авторлар әдебиеттегі лиминалдықтың қызметі мен рөлін егжей-тегжейлі зерттеп, көркем шығарма негізінде талдау жасап, қазіргі қазақ әдебиетіндегі лиминалдық концепциясын тәжірибешілік тұрғыдан дәйектеді. Лиминалдық теориясын ғылыми тұрғыдан пайымдау, зерделеу шетел ғалымдарының еңбектерінде көрініс тауып, лиминалдық мәселесі қазіргі әлем әдебиетінде өзекті бағыттардың бірі болғанымен, қазіргі қазақ әдебиеттануында зерттеу объектісі ретінде қарастырылмаған деп айтуға болады. Демек, терең зерттеуді талап ететін тың сипаттағы тақырыптардың бірі болмақ.

Сведения · Details